D дәрумені 1920 жылы ойлап табылған, бұл балалардың сүйек ауруы – рахитті емдеу тәсілін ұзақ жылдар бойы іздеуді соңына жеткізді. D дәруменін ойлап тапқан соң бұл ауру жойылып кетті десе болады, ал зерттеулер D дәруменінің басқа да көптеген артықшылықтары бар екенін көрсетті.
D ДӘРУМЕНІНІҢ ПАЙДАСЫ
D дәруменінің не үшін керектігін барлығы біле бермейді. Ол бекер екен. Бұл элемент адам ағзасында өте маңызды рөл атқарады. Басқа дәрумендерге қарағанда, D дәрумені гормон секілді әсер етеді және ағзадағы әр элементтің оған аналған рецепторы бар. Соның арқасында қаңқа дұрыс қалыптасады, иммунитет көтеріледі, қан қысымы мен жүрек соғуы жақсарады.
D ДӘРУМЕНІНІҢ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ
Дәруменнің жеткіліксіздігін жиі суық тиюден, шаштың түсуінен, күйзеліске ұшыраудан білуге болады. Мамандардың пікірі бойынша, 1 млрд жуық адамның D дәруменінің деңгейі төмен.
Бұл дәруменнің мөлшерінен көп болуы да жақсы емес, сондықтан оның нормасы білу және өз деңгейіңізді тексеріп тұру керек. Ол үшін арнайы талдамалар тапсырған жөн.
Одан басқа, ас мәзіріңізді осы дәруменге бай азық-түліктермен түрлендіріп тұру керек. D дәрумені бірқатар өнімдердің, оған қоса қуырылған балықтың, қызыл уылдырықтың және жұмыртқа сарыуызының, ашымал сүт өнімдерінің, ірімшіктің және т.б. құрамында болады. Алайда ағза үшін D дәруменінің негізгі көзі күн болып табылады.
D ДӘРУМЕНІНЕ ҚАЖЕТТІЛІК ҚАНДАЙ?
18-50 жастағы адамдарға D дәрумені тапшылығының алдын алу үшін тәулігіне D дәруменінің кемінде 600-800 ХБ алу керек.*(**КЛИНИКАЛЫҚ ҰСЫНЫМДАРЕРЕСЕКТЕРДЕГІ D ДӘРУМЕНІНІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ: ДИАГНОСТИКАЛАУ, ЕМДЕУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ. Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «ЭНДОКРИНОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚ» ФМБМ РЕСЕЙЛІК ЭНДОКРИНОЛОГТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ, Мәскеу қ., 2015ж.)
D ДӘРУМЕНІ БАР ҚОСПАЛАР
Күннен D дәруменінің жеткілікті мөлшерін алмайтын адамдарға көп жағдайда құрамында осы дәрумені бар қоспаларды қабылдау пайдалы. Кейбір азық-түліктердің D дәрумені бар болғанымен, оны жеткілікті көлемде алу үшін, әдетте, мұндай азық-түліктерді көп мөлшерде тұтыну керек болады.
Solgar® капсулалары D3 дәрумені 600 ХБ:Бұл өнімнің құрамындағыD3 дәрумені күн астында болған кезде ағзада синтезделетін формада (холикальциферол) болады.Бұл оның биологиялық қолжетімді және тиімді болуына себепші болып отыр.Өнім 60 және 120 капсула көлемінде шығарылған.ББҚ, ДӘРІЛІК ҚҰРАЛ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ.