КОМПАНИЯНЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМДІК ӨНДІРІС АЛТЫН СТАНДАРТ СОЛГАР ТАРИХЫ Контактілер

Сапа SOLGAR үшін әрқашан жетекші бағыт болды.

Тағамдық қоспалар индустриясындағы сапаны кешенді бақылаудың мінсіз қондырғыларының арқасында сапаға кепілдік беріледі. Тек тексерілген үздік өнім берушілер жеткізетін жоғары сапалы шикізат SOLGAR зертханасына түскен кезде қайта бақылаудан өтеді. Сапаны бақылау нәтижелері алынғанға дейін шикізат өндіріске жіберілмейді.

Шикізаттың сапасын, оның тазалығын бақылау үшін сериялық өндіріске келіп түсудің алдында ол толық спектрлік, микробиологиялық және химиялық талдаулардан өтеді, бұл ретте тиімділігі жоғары сұйықтық хромотография әдісі пайдаланылады. Шикізат белгіленген сапа критерийлеріне сәйкес келген жағдайда, ол одан әрі өндіріске түседі, шикізат сапасының сәйкессіздігі анықталған кезде ол өндіріске жіберілмейді және кері қайтарылады.

Сапалы өнімдерді өндіру қомақты қаржы және уақыт ресурстарын талап етеді. SOLGAR тұтынушыны қанағаттандырудың жалғыз жолы – өнімнің сапасы екенін біледі. Шикізатты таңдаудан бастап, сөрелерде дайын өнімнің пайда болуына дейін SOLGAR өнімдері өтетін әрбір кезең жетілудің алтын стандарттарына сәйкес келуі тиіс. Нәтижесінде SOLGAR өндірістік процесі 12 апта болатын ең ұзақ уақытқа жетеді, бұл тағамдық қоспалар индустриясындағы ең ұзақ өндірістік процесс болып табылады.