ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ

ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңының, сонымен қатар Интернет арқылы үшінші тұлғаларға менің дербес деректерімді жинауды, өңдеуді, сақтау мен табыстауды реттейтін ҚР бекітілген халықаралық шарт талаптарын орындау үшін осы құжат арқылы.

 

Мен, «Пайдаланушы» «СОЛГАР Витамин»  жауапкершілігі шектеулі қоғамының (бұдан әрі – «SOLGAR») Алматы қаласындағы өкілдігіне https://solgar.kz/ сайты (бұдан әрі – Сайт) арқылы берілген өз дербес деректерімді (бұдан әрі – «Дербес деректер») жинауға және өңдеуге (менің және/немесе кез келген үшінші тұлғалардың атынан алуды қоса алғанда) өз келісімді беремін және осы келісімді бере отырып, өз еркіммен және өз мүддемде әрекет ететінімді растаймын.

 

Менің өз дербес деректерімді ұсыну мақсатым Сайт Әкімшісімен байланыс орнату, сонымен қатар Сайтты пайдалануға, қызметтерді көрсетуге қатысты хабарландырулар, сұратулар жолдау болып табылады.

 

Мен осы құжат арқылы өзім ұсынған дербес деректер үшін, сонымен қатар олардың растығы, шынайылы, анықтығы және нақты маған қатыстылығы үшін өз бетіммен және толық жауапкершілік арқалайтынымды мойындаймын және растаймын. Мен Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оны қорғау туралы» заңына сәйкес құқықтарыммен және міндеттемелерімнен, сонымен қатар дербес деректерді жинау мен өңдеуге берген келісімді кері шақыру тәртібімен танысқанымды растаймын.

 

Осы келісім келесі ақпаратқа тарайды:

  • тегі, аты, әкесінің аты (соңғысы – бар болса);
  • Пайдаланушының туған күні және жері;
  • жынысы;
  • жеке куәлік, төлқұжат немесе жеке басты растайтын өзге құжат деректері;
  • байланысқа арналған ақпарат (телефон нөмірі, сонымен қатар жеке мобильді, үй телефонының нөмірі, электронды поштаның мекенжайы, сонымен қатар жеке поштаның);
  • азаматтығы;
  • ЖСН (СТН);
  • суреттер (фото және видео), сонымен қатар цифрлық;

Дербес деректердің өңдеу келісімі маған келесі мақсаттарда беріледі (сонымен қатар, бірақ олармен шектелмей):

  • заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
  • менің және SOLGAR арасында шарттарды және онымен тікелей байланысты қарым-қатынасты жасау;
  • өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • баспасөз бен басқа БАҚ жариялымдарды қоса алғанда, маркетингтік іс-шаралар мен басқа да оқиғаларды ұйымдастыру, өткізу;
  • кез келген органға/ұйымдарға, сонымен қатар SOLGAR қызметін реттейтін ұйымдарға ашылатын барлық қажетті ақпаратты дайындау және жүзеге асыру;
  • жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін шет тіліне қажетті аударманы жүзеге асыру .

 

Бұл келісім жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жетуге қажетті менің Дербес деректеріме қатысты кез келген іс-әрекетті жүзеге асыруға ұсынылады, сонымен қатар (шектеусіз): шетелдік мемлекеттердің аумағында жинау, бір жүйеге келтіру, жинақ, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, тарату, бұғаттау, жою, трансшекаралық беру (дербес деректерді автоматтандырылған өңдеу кезінде жеке тұлғаларды қорғау туралы Еуропа кеңесінің, дербес дерек субъектілерінің құқықтарын барабар қорғауды қамтамасыз ететін және дербес дерек субъектілерінің құқықтарын барабар қорғауды қамтамасыз етпейтін өзге шетелдік мемлекеттердің конвенциясының бір тарапы болып табылатын), сонымен қатар қолданыстағы заңнаманы ескере отырып, менің дербес деректеріммен кез келген өзге іс-әрекетті жүзеге асыру.

 

Осы құжат арқылы мен үшінші тұлғаға (сыртқы консультанттарды қоса алғанда) жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін Дербес деректерді ұсыну, сондай-ақ көрсетілген мақсатта қызметтерді көрсетуге үшінші тұлғаларды тарту және SOLGAR өзіне тиесілі функцияларды өзге тұлғаға беру қажеттілігі туындаған жағдайда (Дербес деректерді өңдейтін кезде конфиденциалдықты сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарымен) SOLGAR-ң жоғарыда көрсетілген әрекеттерді жасауы үшін менің Дербес деректерімді қоса алғанда, жеке мен туралы ақпаратты осындай үшінші тұлғаларға, олардың агенттеріне және басқа да уәкілетті тұлғаларға қажетті көлемде ашуға, сонымен қатар осындай тұлғаларға аталмыш ақпаратты қамтитын сәйкес құжаттарды ұсынуға құқылы болатынын мойындаймын және растаймын. Сонымен қатар осы құжат арқылы сәйкес өзгерістерді ескере отырып, жоғарыда көрсетілген үшінші тұлғаларға беруге менің келісімім болып есептелетінін мойындаймын және растаймын және бұндай үшінші тұлғалар осы келісім негізінде менің Дербес деректерімді өңдеуге құқылы болады.

 

Бұл келісім жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жеткенше немесе осы келісімді мен кері шақырғанша берілген.

 

Дербес деректерді өңдеуге берілген келісімді мен оператордың орналасқан мекенжайы бойынша немесе келесі мекенжайға электронды нысанда өтініш жолдау жолымен кез келген сәтте жазбаша өтініш жолдау арқылы кері шақыра аламын: Өкіл Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 17к, 4 блок, 401 кабинет, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, info@solgar.kz

 

Дербес деректерді өңдеу келісімін кері шақырған жағдайда Сайт әкімшісі осындай кері шақыру келіп түскен күннен бастап 30 күннен аспайтын мерзім ішінде оларды өңдеуді тоқтатуға немесе осындай өңдеуді тоқтатуды қамтамасыз етуге (егер дербес деректерді өңдеуді оператордың тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге тұлға жүзеге асырған болса) және Дербес деректерді жоюға немесе оларды жоюды қамтамасыз етуге міндетті (егер Дербес деректерді өңдеуді оператордың тапсырмасымен әрекет ететін өзге тұлға жүзеге асырған болса).