КОМПАНИЯНЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМДІК ӨНДІРІС АЛТЫН СТАНДАРТ СОЛГАР ТАРИХЫ Контактілер

АЛТЫН СТАНДАРТ

Өндірістің ұсақ-түйектері мен бөлшектеріне назар аудару SOLGAR компаниясына өзінің жеке сапа стандарты – SOLGAR алтын стандартын™ жасауға мүмкіндік берді. SOLGAR компаниясы үшін сапа – кездейсоқ ұғым емес, ол өмір сүру стилі, ойлау тәсілі. Сапа әр процестің, әр өнімнің негізінде жатыр. SOLGAR жеке ғылыми-зерттеу орталығының, өндірістік алаңның және дистрибуцияның арқасында өндірістің барлық кезеңдерінде өнім сапасына кепілдік береді. Өнімнің балғындығын сақтау үшін SOLGAR оны шағын партияларда және өзінің қатаң стандарттарына сәйкес шығарады, олар көп жағдайда мемлекеттік реттеуші органдар қоятын талаптардан асып түседі.

Сапалы шикізат

SOLGAR көп жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, бүкіл әлем бойынша үздік табиғи шикізат жеткізушілерін таңдайды. SOLGAR өнім жеткізушілерден жеткізілетін шикізаттың түпнұсқалығы мен сапалылығына көз жеткізу үшін талдау сертификаттарын ұсынуды талап етеді.

Ғылыми-зерттеу орталығы

SOLGAR ғалымдар командасы жаңа заттектерді іздеумен, ғылыми жарияланымдар мен өзекті зерттеулерді шолумен белсенді айналысады. SOLGAR ғылыми зерттеулердің ажырамас бөлігі болып табылады.

Сапаны бақылау

Меншікті сапа зертханасы өндірістің бастапқы кезеңдерінде, ортасында және дайын өнімді алу кезеңінде 130-дан астам бақылау сынақтарын өткізе отырып, кешенді зерттеулер жүргізеді. SOLGAR зертханасы – өнімдерге SOLGAR алтын жапсырмасын “киюге” құқық беретін соңғы инстанция.

Суды тазартудың ең жаңа жүйесі

SOLGAR компаниясы кері осмос қағидаты бойынша жұмыс істейтін суды тазартудың ең жаңа жүйесін қолданады, бұл суды тазартудың ең жоғары дәрежесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Заманауи желдету жүйесі

Өндірістік үй-жайларда айналатын барлық ауа ауадағы бөлшектердің 99,9 %-ын ұстап қалатын көптеген HEPA сүзгілерінен өтеді.

Тазалық

Әрбір партияны өндіргеннен кейін жабдық толығымен бөлшектерге ажыратылады және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін жұмсақ табиғи жуғыш заттармен зарарсыздандырылады.

KOSHER сертификаты

SOLGAR компаниясы – кейбір өнімдеріне “KOSHER”сертификатын алған алғашқы компания.

Halal сертификаты

SOLGAR компаниясының кейбір өнімдерінде “HALAL” сертификаты бар.

Вегетариандық капсулалар

SOLGAR компаниясы – вегетариандық капсулаларды қолдана бастаған алғашқы компаниялардың бірі.

Ықтимал аллергендердің болмауы

Алтын стандартқа™ сәйкес SOLGAR компаниясы қант, тұз, глютен, сүт компоненттерін қосудан аулақ болады. SOLGAR өнімінде жасанды бояғыштар мен хош иістендіргіштер, ГМО және басқа да әлеуетті аллергендер жоқ.

Премиалды қаптама

SOLGAR өнімдері қараңғы түсті шыны құтыларға салынған, олар өнімді температураның ауытқуынан, жарық пен ылғалдылықтан жақсы қорғайды. Шыны құтыларды қайта өңдеуге болады.