Solgar компаниясы «ББҚ 2022 нарығында не болып жатыр»

2 минутыоқу

Solgar компаниясы «ББҚ 2022 нарығында не болып жатыр» IV Халықаралық конференциясының шеңберінде өткен «ЖЫЛ ББҚ – 2022» тәуелсіз сыйлығының жеңімпазы атанды. Solgar «Дәрумендік-минералды кешені» аттас санат бойынша «Жыл өнімі» деп танылды.

Сыйлық алғаш рет беріліп отыр және ББҚ индустриясындағы ең жарқын жобаларды атап өтеді.

Сыйлық номинациялары арасында: «Жыл өндірушісі», «Жыл лончі», «Жыл өнімі», сонымен қатар: «Дәрумендік-минералды кешендер», «Пробиотиктер», «Әйелдер денсаулығы». Финалистер ашық онлайн дауыс беру арқылы, ал жеңімпаздар сараптамалық комиссияның өтінімдерін қарау нәтижесі бойынша анықталды.

Васильева Вера Викторовна – Solgar компаниясының бас директорының тіркеу және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі орынбасары: «Біздің компания үшін мұндай марапатқа ие болу үлкен мәртебе. Өздеріңіз білетіндей, тану бас жерде  туындамайды. Музыкадағы сияқты біздің өнімдерде де жалған ноталар жоқ. Мен ББҚ мен дәрімендерді  жоғары деңгейде өндіретін Solgar компаниясында жұмыс істегеніме қуаныштымын және мақтанамын. Барлық тұтынушыларға біздің өнімдерді мойындағаны және жоғары бағалағаны үшін алғыс айтамын. Бұл бізді өмір сапасын жақсартуға және адам бірқатар себептерге байланысты қазіргі шындықта ала алмайтын негізгі микроэлементтердің жетіспеушілігін жоюға көмектесетін табиғи ингредиенттерді өндіру бойынша жұмысымызды жалғастыруға ынталандырады».

Solgar компаниясы биыл өзінің 75 жылдығын атап өтуде және көптеген жылдар бойы компанияның миссиясы тұтынушыларды дүние жүзіндегі адамдарға денсаулық пен тамаша хал-жай беретін жоғары сапалы, инновациялық, ғылыми негізделген өнімдермен қамтамасыз ету болды. Компанияның өнім ассортиментінде дәрумендердің, минералдардың, дәрілік өсімдіктердің, аминқышқылдарының, пробиотиктердің, кешендердің және арнайы өнімдердің 600-ден астам түрі бар, олардың әрқайсысы инновациялық технологияларды қолдану арқылы табиғи текті компоненттерден өндіріледі.

Компанияның өзінің ғылыми-зерттеу орталығы бар, оның негізінде шикізат өндіріледі және тұтынушылардың ең жоғары талаптарына сәйкес келетін жаңа пішіндер мен өнімдер жасалады.

 

 

Solgar компаниясы ««ЖЫЛ ББҚ – 2022» тәуелсіз сыйлығын алды.