Дәрумен тек иммунитет үшін емес, сонымен қатар сұлулық үшін!

3 минутыоқу

 

С дәрумені суда еритін дәрумендерге жатады. Бұл адам үшін өте қажетті дәрумен; ол адам ағзасмында синтезделмейді, тек тамақпен түседі; көп мөлшерде ағзада жинақталып тұрмайды.

 

C дәруменінің жеткіліксіздігі симптомдар қандай?

 

С дәруменінің жеткіліксіздігі бірқатар әртүрлі симптомдар мен жай-күйлерге әкеледі.

С дәруменінің жеткіліксіздігінің кейбір ең көп тараған симптомдарына жатады:

  • Шаршау және әлсіздік:
  • Қызылиектің қанауы:
  • Терінің құрғақтығы мен қабыршақтануы:
  • Жараның жазылуының ұзаққа созылуы:
  • Әлсіз иммунитет:
  • Буын аурулары:

 

C дәрумені не істейді?

 

С дәрумені ағзада маңызды міндеттерді атқарады, олардың маңыздылары: иммундық қорғанысты қамтамасыз ету, психиканы тұрақтандыру және сұлулықты сақтау.

Интерферон синтезін ынталандыру арқылы дәрумен қандағы антиденелердің мөлшерін арттырады және ағзаның иммундық жүйесін нығайтады, оның инфекцияларға төзімділігін арттырады; суық тиюді, ЖРВИ, тұмауды емдеуде таптырмас көмекші болып табылады және осы аурулардың алдын алу үшін белсенді қолданылады.

 

 

Біздің психикалық салада С дәрумені біздің барлық сезімдеріміздің берілуіне көмектесетін гормондардың, нейротрансмиттерлердің (жүйке қоздырғыш заттар)түзілуін ынталандырады. Дененің сау жасушалары әрқашан жас болатыны сияқты,  гормоналды құрылымдар сау болғанда сезімдер әрқашан жағымды болады. С дәрумені адамның көтеріңкі көңіл-күйін қалыптастыруда елеулі және мүмкін басты рөл атқарады.

 

С дәрумені терінің денсаулығы үшін өте маңызды: ол қан тамырларының қабырғаларын нығайтады, сонымен қатар терінің сұлулығына, жастығына және денсаулығына қажет коллаген мен эластиннің синтезделуіне ықпалын тигізеді. Бұл күшті антиоксидант. Ол теріні бос радикалдар мен қоршаған ортаның ластануынан қорғайды. Пигментациямен және терінің біркелкі емес түсімен күреседі, жақсы ағартады және ылғалдандырады.

Ағзаның С дәруменіне деген қажеттілігін тағаммен толтыру үнемі мүмкін емес болғандықтан, С витаминін нутриент ретінде қолдану ұсынылады. С дәруменін жеке өзін де, мультивитаминді кешендердегі басқа дәрумендермен және минералдармен бірге де қабылдауға болады.

 

Solgarдың мол ассортиментінде С дәрумені желісі бар–бұл күнделікті қабылдау үшін аса қажетті дәруменді алудың ыңғайлы әдісі. Жоғары сапалы шикізаттан алынған табиғи дәрумендер ғылыми тәсілге сүйене отырып жасалған.

 

«Эстер-С» — бұл С дәруменінің жоғары сіңуін қамтамасыз ететін және асқазанға жағымсыз әсерін тигізбейтін патенттелген С дәрумені формуласы. Құрамында С витаминінің белсенді метаболиттері бар, соның арқасында «Эстер-С» тез сіңеді және әдеттегі С дәруменімен салыстырғанда ағзадағы белсенділігін ұзақ сақтайды. Солгар «Эстер-С» бейтарап рН мәніне ие, асқазанды тітіркендірмей, оған жұмсақ әсер етеді. «Эстер-С» құрамына өнімнің антиоксиданттық қасиеттерін қамтамасыз ететін цитрус флавоноидтары (лимон, апельсин, грейпфрут, лайм, мандарин), рутин, итмұрын және ацеролла (барбадос шиесі) жемістері кіреді. Қолдану бойынша кеңестер: ересектерге күніне 1 капсуладан тамақтанған кезде.

 

«С дәрумені 500 мг таңқұурай дәмімен» С витаминінің оңтайлы тәуліктік дозасында 1 таблеткада 500 мг болады. Шайнайтын таблеткалар түріндегі таблеткаларды жұтқанда қиындықтарға тап болған адамдар немесе дәмді шайнайтын түрдегі дәрумендерді қабылдағысы келетіндер бағалайды. Сондай-ақ, өнім құрамына ацеролла (барбадос шиесі) жемісінің сығындысы және С дәруменінің және оның әсерін күшейтетін биофлавоноидтардың қосымша көзі ретінде итмұрын кіреді. Қолдану бойынша кеңестер: ересектерге күніне 1 таблеткадан тамақтанған кезде.

 

«С дәрумені 500 мг» капсулаланған түрде қабылдауға ыңғайлы және капсулада күнделікті қабылдауға арналған L-аскорбин қышқылындағы табиғи С витаминінің оңтайлы дозасы бар. Қолдану бойынша кеңестер: ересектерге күніне 1 капсуладан тамақтанған кезде

 

«С дәрумені және итмұрын» С витаминінің оңтайлы тәуліктік дозасында – 1 таблеткада 500 мг болады. С дәрумені иммундық жүйені нығайтуға, аурулардың саны мен ұзақтығын азайтуға көмектеседі. Итмұрын биофлавоноидтарымен бірге аллергия тудыратын гистаминнің детоксикациясына жол аша отырып, аллергия кезінде пайдалы болуы мүмкін. С дәрумені мен биофлавоноидтар бір-бірінің әсерін одан әрі күшейтеді, капиллярларды нығайтуға, коллаген синтезін арттыруға көмектеседі. Қолдану бойынша кеңестер: ересектерге күніне 1-ден тамақтанған кезде.  

 

 

Solgar өнімін таңдағанда, Сізде әрқашан ең жоғары әлемдік сапа стандарттарына сәйкесетін нутриентті қолдау бағдарламасын жасауға жеке тәсілдемені пайдалану мүмкіндігі бар.

 

 

Өндіріс ұсақ-түйектері мен егжей-тегжейіне назар аудару компанияның өз сапа стандартын – Алтын Стандарт ™SOLGAR жасауына жол ашты.

 

 

 

Егер Сіздк өнім бойынша сұрақтар қалса–Solgar мамандары сізге қуана консультация береді(жұмыс күндері 09:00-18:00)

+7(727)311-14–44