SOLGAR компаниясы “IRBIS Almaty” БК-мен ынтымақтастық туралы хабарлайды.

2 минутыоқу

SOLGAR компаниясының мақсаты – тұтынушыларды жоғары сапалы, жаңашыл, ғылыми негізделген өнімдермен қамтамасыз ету, ол бүкіл әлемдегі адамдардың денсаулығы мен өзсезінімін жақсартады, сонымен қатар нутриенттерді қабылдау мәдениетін дамытады.

 

Дәрумендер мен минералдарды үнемі қабылдау белсенді өмір салтымен, толыққанды ұйқымен, теңдестірілген тамақтанумен бірге салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі болып табылады. Біз мұны мүмкіндігінше көп халық түсініп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына қол жеткізуге тырысамыз. Бүгінгі таңда біздің міндетіміз – нутриенттерді тұтыну кездейсоқ емес, саналы сипатта болуы үшін оларды қабылдау мәдениетін дамыту. Қазір көп адамдар мұны бұрын-соңды болмағандай түсінеді.

 

Энергия мен қоректік заттарға деген қажеттілік әр адамның физикалық белсенділік деңгейіне байланысты. Спортшылардың бұл қажеттілігі жоғары: көптеген жаттығулар, жарыстар, сондай-ақ қалалар арасындағы көшіп-қону қосымша күш-жігерді қажет етеді. Көбінесе жоғары физикалық белсенділік кезінде спортшыларда дәрумендердің жетіспеушілігі пайда болады, бұл өзсезінімнің нашарлауына, тез шаршағыштыққа, өнімділіктің төмендеуіне және ағзаның қорғаныс реакцияларына әкеледі. Мұның бәрі нәтижеге әсер етпей қоймайды.

Осыған байланысты Solgar түрлі елдердегі әр түрлі санаттағы спортшыларға қолдау көрсетуді жалғастыруда және біздің ынтымақтастығымыз маңызды әлеуметтік рөл атқарады.

 

Біз “IRBIS Almaty” БК-мен денсаулықты қолдау үшін 2023/2024 ж.ж маусымында серіктестігімізді жариялауға және “IRBIS Almaty” БК-мен бірге салауатты өмір салты философиясын көтеруге қуаныштымыз.

 

“Irbis Almaty” 2022 жылы құрылған Алматы қаласындағы қазақстандық кәсіби ерлер баскетбол клубы. 2021/2022 маусымда клуб сол кезде “SC Qazaqstan” атауымен шығып, жоғары лига чемпионы атанды. Ал 2022/2023 жылғы маусымда Ұлттық лигада “Irbis Almaty” атты жаңа атаумен дебютке шықты

 

“Irbis Almaty” жетістіктері:

2021/2022 жылғы Қазақстан Чемпионатының Жоғарғы Лигасының жеңімпазы.;

2023 жылғы Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері.

 

 

 

“IRBIS Almaty” БК-на ұстамдылықты жоғалтпауды және сол табандылықпен барлық жаңа биіктерге, жеңістер мен мақсаттарға қол жеткізуді тілейміз!