Фолий қышқылының жүктілікті жоспарлаудағы рөлі және т.б

3 минутыоқу

Фолий қышқылы күнделікті рационда ылғи болуы керек, өйткені ол энергия алмасуына, иммунитет, жүйке жүйесінің жұмысына және т.б. әсер етеді.

 

Дегенмен ерекше рөлді олар ағзаның прегравидарлық дайындығында және тікелей жүктілік кезінде атқарады.

 

Фолий қышқылы (В9 дәрумені) – ұрықтың өсуі мен дамуы, қан түзілуі, қан айналымы, жүйке, жүрек-тамыр және ұрпақты болу жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті зат. Ол болашақ баланың дамуына ең ерте кезеңде қатысады. Сондықтан ұрықталу  кезінде әйелдің ағзасында бұл дәруменнің жеткілікті мөлшері болуы керек.

 

В9 дәруменін (фолий қышқылын) жоспарлау кезеңінде қабылдау оның негізінде болашақ баланың бас миы мен жұлыны қалыптасатын жүйке түтігінің ақауларының қаупін айтарлықтай төмендететіні дәлелденген.

 

Сондай-ақ фолий қышқылы ерлер үшін пайдалы, себебі ол ДНҚ ақаулары бар, яғни хромосомалардың саны дұрыс емес шәует жасушаларының санын азайтады. Сондықтан дәрігерлер болашақ ата-ананың екеуіне де дәруменді жоспарлау кезеңінде қабылдауды тағайындайды.

 

Фолий қышқылы ағзада синтезделмейді. Сондықтан жүктілікті жоспарлау кезінде фолий қышқылын таза түрінде де, метафолин, 5 метилтетрагидрофолат түрінде де қабылдау маңызды, – деп түсіндіреді жоғары санаттағы акушер-гинеколог Лариса Даниловна Шабалина, «Рахат» клиникасы.

 

Метафолин – 5-МІГ ТФ белсенді түрі, алмасу процестерінде негізгі рөл атқарады. Метафолиннің артықшылықтары: заттың биологиялық белсенді түрде ағзаға тікелей түсуі және оңтайлы әсерінің болуы. Фолий қышқылының бұл түрі ағзаға белсендіру және жұмыс істеу үшін қосымша метаболикалық өзгертуді қажет етпейді, бұл MTHFR генінің полиморфизмі бар әйелдер үшін маңызды. МТГФР генетикалық полиморфизмдерінің халық арасында жоғары таралу көрсеткішін және МТГФР белсенділігінің төмендеуіне байланысты проблемаларды ескере отырып, жүктілік кезінде фолаттардың тапшылығына байланысты әртүрлі патологиялық жағдайлардың алдын алу және емдеу үшін құрамында биожетімділігі жоғары фолаттардың белсенді түрі – метафолин бар дәрімен-минералды кешендерді қолданған жөн.

 

Жүктілік кезіндегі фолаттардың тапшылығына байланысты әртүрлі патологиялық жағдайлардың алдын алу және емдеу мақсатында құрамында фолий қышқылы немесе биожетімділігі жоғары фолаттардың белсенді түрі – метафолин бар нутриенттерді қолданған жөн.

 

SOLGAR желісі В9 тапшылығының орнын толтыру үшін 2 өніммен ұсынылған: «Фолий қышқылы» және метафолин “Фолаты 400 мкг”.

 

Екі өнімде де В9 дәруменінің бірдей дозалануы бар – 400 мкг (1 таблеткаға). Бұл әйелдер үшін ұсынылатын тәуліктік норманы қамтиды, соның ішінде жүктілікті жоспарлау және жүктілік кезінде.

 

«Фолий қышқылы» – біз оңтайлы теңдестірілген рационда (мысалы, шөптер, бұршақ және жержаңғақ тұтыну кезінде) тамақ өнімдерімен бірге алатынға ұқсас, таза, табиғи түріндегі В9 дәрумені.

 

“Метафолин” фолаты 400 мкг» құрамында В9 дәруменінің белсенді түрі – биожетімділігі жоғары метафолин бар. Ол фолий қышқылын сіңіру және оның пайдасын алу қиындықтары бар жағдайларда, сондай-ақ елеулі тапшылық кезінде қолдануға жарамды. Фолий қышқылының бұл түрі ағзада белсендіру және жұмыс істеу үшін қосымша метаболикалық өзгертуді қажет етпейді, бұл MTHFR генінің полиморфизмі бар әйелдер үшін маңызды.

 

 

 

 

 

Өнім туралы сұрақтарыңыз болса – Solgar мамандары Сізге кеңес беруге қуанышты болады (жұмыс күндері 09:00-18:00)

+7(727)311-14–44