НЕГЕ МЕН КҮНДІЗ СОНША ШАРШАЙМЫН?

5 минутоқу

 

Біздің энергиямыздың деңгейіне әсер ететін және дәл түстен кейін күш-қуаттың азаюына жол ашатын көптеген факторлар бар. Шаршауыңызға не себеп болатынын білсеңіз Сіз оның алдын ала аласыз.

 

«Түстен кейінгі әлсіреудің» ықтимал себептеріне циркадтық ырғақтың бұзылуы, тұрақты дене жаттығуларының жоқтығы, үйлесімсіз тамақтану және тағы көп себептер кіреді.

Дәрумендік қоспаларды қабылдау және ұйқыға, жаттығуларға және үйлесімді тамақтануға басымдық беру – бұлар күні бойы энергияны сақтаудың ең жақсы тәсілдерінің бірі.

 

 

1 СІЗ ӨЗІҢІЗДІҢ ЦИРКАДТІК ЫРҒАҒЫҢЫЗДА ТАБИҒИ ӘЛСІРЕУДІ СЕЗІНЕСІЗ.

Циркадтық ырғақтың бұзылуы —түстен кейін сіздің ұйқыңызды келтіретін ұйқы мен сергектік циклі бойынша жалғыз себеп емес. Күннің ортасында циркадтық ырғақ себебінен сергектік табиғи түрде бәсеңдейді, бұл сізді шаршатады.

 

Циркадты ырғақтың бұзылғанын қалай түсінуге болады?

Сізді циркадтық ырғағы—бұл сіздің денеңіздің ұйқы мен сергектік циклі, ол сіздің өзіңізді сергек сезінуіңізді және сіздің шаршағаныңызды бақылайды және күн мен түнге сәйкес сіздің ұйқыңыз бен сергектігіңізді теңестіреді. Жарық сіздің циркадты ырғағыңызға қатты әсер етеді. Ұйықтар алдында телефонды пайдалану немесе теледидар қарау ұйқы мен сергектік циклін бұзуы мүмкін.

 

SOLGAR өнімі «Күндізгі күйзелісті бақылау» және «Ұйқы және түнгі күйзелісті бақылау» — циркадты ырғақты қалыпқа келтіретін сенімді көмекші.

 

2.СІЗ ТҰРАҚТЫ ЖАТТЫҒУ АЛМАЙСЫЗ.

Үнемі жаттығу жасау сізді шаршатады деп ойлауыңыз мүмкін, бірақ іс жүзінде керісінше болады. Дене жаттығулары энергияны жасушалық деңгейде қолдайды: жүктеме сіздің денеңізді бұлшықет жасушаларында көбірек митохондрия жасауға ынталандырады. Митохондриялар жасушалардың электр станциясы ретінде белгілі және олардың көп мөлшері сіздің денеңіздің энергия қорын арттырады. Жаттығу сонымен қатар оттегі айналымын жақсартуға көмектеседі. Оттегі мөлшерінің көбеюі сіздің ағзаңыздың қызметін жақсартады және энергияңызды тиімді пайдалануға көмектеседі.

 

3 ҮЙЛЕСІМДІ ТАМАҚТАНУ.

Сіздің ішкен-жегендеріңіз ағзаңыздың жүйелеріне әсер етеді, және бұл энергияға қатысты дұрыс пікір. Сіздің емдәміңіз энергияңызды күні бойы қуаттандырады, немесе күшіңізді әлсіретеді. Құрамында қанты көп тағамдарды тамаққа пайдалану немесе ақуыздар, майлар және күрделі көмірсулар теңгерімінің бұзылуы шаршау немесе әлсіздік тудырады.

 

4 СІЗДІҢ ҰЙҚЫҢЫЗ ҚАНБАЙДЫ.

Ұйқының қанбауы сонымен қатар ұйқы жетіспеушілігі деп аталып, сізге қажетті ұйқы мөлшері мен сіз ұйықтаған уақыт арасындағы айырмашылық. Мысалы, сізге сегіз сағат ұйықтау керек болса, сіз тек алты сағат ұйықтадыңыз, сізде екі сағат ұйқы жетіспеушілігі пайда болды. Ұйқының жетіспеушілігі жинала береді. Бірнеше күннен кейін күнделікті жататын уақытыңыздан небәрі отыз минутқа кеш жатсаңыз ұйқы жетіспеушілігі тез жинала бастайды. Бұл сізде түстен кейін шаршау сезімін тудыруы және сіздің ақыл-ой мен дене қимылы керек жұмыс қабілеттілігіңізге әсер етуі мүмкін.

 

5 СІЗ КҮЙЗЕЛІСКЕ ТҮСТІҢІЗ.

Ұзақ және созылмалы күйзеліс сіздің энергия қорыңызды тауысуы және сақтық пен концентрацияңызды сақтауды қиындатуы мүмкін. Күйзелістің сондай-ақ түн сайынғы ұйқының ұзақтығы мен сапасына теріс әсерін тигізуі мүмкін, сондықтан күні бойы сіз өзіңізді шаршаңқы сезінуіңіз ықтимал.

 

ТҮСТЕН КЕЙІНГІ ӘЛСІРЕУДІ ЖЕҢУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР

Сонымен,енді түстен кейін энергияңыздан айрылатыныңызды білесіз, бірақ белсенді жұмыс фазасында жүріп, түстен кейінгі әлсіреуді қалай жеңі керек?

 

 

Міне, байқап көруге болатын бірнеше кеңес:

  • Сыртқа шығыңыз: жарық циркадтық ырғаққа әсер етеді, сондықтан жарқын жарық сергектікті арттыруға көмектеседі. Күн сәулесіне шығуға бірнеше минут бөліңіз немесе күн сәулесіне шығумен бірдей әсер беретін жарық терапиясы шамын сатып алыңыз.
  • Мызғып алыңыз. Кейде энергия деңгейін көтеру үшін жасай алатын ең жақсы нәрсе — аздап ұйықтаап алу. Тиімді ұйқының кілті — 10-нан 20 минутқа дейін қысқа ұйқы, сіз оянған кезде бұрығыдан да шаршап тұрмас үшін қысқа ұйқы жеткілікті.
  • Дене қимылын жасаңыз: блоктың айналасында жылдам айналу немесе бірнеше минутқа керіліп, қаныңызды айдаңыз.

 

 

КҮНДІЗ КӨБІРЕК ЭНЕРГИЯНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ

 

  1. ДӘРІМЕНДЕР ҚАБЫЛДАҢЫЗ

В тобының дәрумендері сіз ішкен тамақтарды жасуша энергиясына айналдыру үшін қажет. Атап айтқанда, В12 және В6 дәрумендері энергияны жасушалық деңгейде сақтауға көмектесе алады.

 

SOLGAR «B-кешені»—бұл В тобы дәрумендерінің қосымша көзі, ол қажетті заттардың жетіспеушілігін толытуға көмектеседі.

 

«B-кешен» энергия алмасуына оң әсерін тигізеді, азық-түліктен (нутриенттерден) бұлшық ет жасушаларынан энергия шығару мен жеткізуге жол ашады, соның арқасында ағза күнделікті әрекетте, спортта және басқа шаруаларында алған энергиясын біртегіс пайдалананыды.

 

2. 7-9 САҒЫТ ҰЙЫҚТАҢЫЗ.

Жеткілікті ұйқы—энергияны сақтаудың ең жақсы тәсілі, бірақ бұл үнемі сәті түсе беретін оңай тәсіл емес. Егер сізге ұйқыңызды қандыру қиынға соқса ұйқы үшін сапалы нутриенттерді қабылдап көріңіз.

SOLGAR «Ұйқы және түнгі күйзелісті бақылау»—келесілердің көзі:
🔸шөптердің өсімдік қоспасының (шүйгіншөптің, пассифлораның, құлмақтың),
🔸 L аминқышқылы-теанин,
🔸 B6 дәрумені.
Компоненттер ұйқтап кетудің жақсаруына және түнгі уақытта жүйке жүйесінің толыққанды демалуына жол ашады.

 

Бұл құрамында мелатонин жоқ нутриент, ол сізге көмектеседі:

  • Тез ұйықтап кетуге
  • Таңертең жаңа күнді бастауға дайындық сезімімен ояну үшін ұйқы сапасын жақсартуға
  • Өзіңізді сабырлы және босаңсыған күйде сезінуге
  • Түні бойы демалған күйде қалауға

 

3.КҮЙЗЕЛІСТІ БАСҚАРЫҢЫЗ

Күйзеліс тек сақтық пен концентрацияны сақтауға кедергі келтіріп қоймайды, сонымен қатар, бүкіл түні бойы ұйықтауға кедергі жасауы мүмкін. Күнделікті дене жаттығулары, дұрыс тамақтану, өзіңізге уақыт бөлу және жақындарыңызбен араласу – осының бәрі күйзелісті жеңудің тамаша тәсілдері. Сіздің күйзеліс күйді қалыпқа келтіретін нутриенттерді тұтынып көруіңізге болады.

 

SOLGAR «Күндізгі күйзелісті бақылау» — 2 компоненттің көзі:
🔸Rhodiolife® — стандартталған Қызғылт радиола сығындысы, күйзеліске беріктікті арттыру үшін;
🔸Panmol® B-Complex — В тобының 8 дәрумені киноа өскіндерінен алынған—шаршаудан қорғау және когнитивті функцияларды жақсарту үшін.

 

4.ҮЙЛЕСІМДІ ТАМАҚТАНУ.

Егер сіз таңғы ас ішпеуге бейім болсаңыз, сосын тез сіңетін көмірсулардың үлкен мөлшерімен молынан түскі ас ішетін болсаңыз түстен кейін сіздің энергияңыздың бәсеңдейтіні таң қаларлық жай емес. Ұдайы ақуыз, май, көмірсу теңгерімі сақталған тағамды тұтыну  ағзаны күні бойы энергиямен қамтамасыз ету үшін қажет. Сұлы, сүзбе, бадам, албырт балық, тәтті картоп сияқты тағамдардың құрамында ақуыз, май және көмірсу бар, бұлар энергияны сақтау үшін ерекше пайдалы.

 

Сонымен қатар, сіз өз рационыңызға SOLGAR-дың «Вэй ту гоу ақуызды сарысуы» жоғары сапалы ақуыз көзін қоссаңыз, онда сіз энергияңызды кешенді толықтыра және әртүрлі аспектілерде өз денсаулығыңызды сақтау аласыз: теріңіз бен шашыңызды аминқышқылдарымен қамтамасыз ету, иммунитеттің жұмысы үшін қажетті заттарды толтыру, күйзеліске беріктікті сақтау және т.б.

 

«Вей ту гоу ақуыз сарысуы» Жаңа Зеландия далаларының шөптерімен қоректенетін сиырлардан алынған сүттен өндіріледі. 1 өлшегіш қасықта 20 г ақуыз болады.

 

 

Түстен кейінгі әлсіреуді жеңу мүмкін емес болуы көрінуі ықтимал, бірақ сапалы ұйқыдағы, дұрыс тамақтанудағы және қоспалар қабылдаудағы басымдықтарды дұрыс қоя білу – тіпті түстен кейін де сізге өзіңізді сергек және өнім еңбектене алатыныңызды сезінуге көмектеседі.