Остеопороз: егде адамдардан басқалар да ауырады.

4 минутыоқу

Сүйек — ол дене қозғалысын жасау үшін сүйекке икемділік пен беріктік беретін ақуыздар мен минералдар матрицасынан тұратын күрделі тін.

 

Сүйектің құрамына әртүрлі мамандандырылған жасушалар, оның ішінде осы матриксті қолдауға қатысатын остеоциттер кіреді.

 

Остеопороз – созылмалы ауру, ол қаңқа сүйектерінің морттығы мен сынғыштығына әкелетін зат алмасу процестерінің елеулі бұзылуынан пайда болады.

 

Остеопорозда оған тән ерте клиникалық симптоматика жоқ.

Жалғыз клиникалық көрінісі оның асқынуы болып табылады – 50 жастан асқан емделушілердің арқасының ауруына шағымдану – омыртқа сынуының симптомы.

Остеопорозда сан сүйегінің сынуы өмір сапасының елеулі нашарлауына әкеледі; өзіне өзі қызмет көрсе алмау, қозғала алмау, тұрақты мүгедектік және өлім қатері артады.

Жалпы алғанда, халықаралық деректер бойынша әр 3-ші әйел және әр 5-ші еркек >50 жас – сынық дамуы бойынша қатер тобында – дейді жоғары санатты дәрігер м.ғ.к Темиргалиева Гульнар Шахмиевна.

 

Бұл ретте: 50 жастан асқан әйелдердегі сынық остеопороздағы барлық сынықтардың 71% және халықаралық статистика деректері бойынша сынықты емдеуге байланысты барлық шығынның 75% құрайды, остеопороз салдарынан болатын сынық – заманауи қоғамдағы денсаулық сақтаудың жаһандық мәселелерінің бірі.

 

2005 жылы АҚШ-та жүргізілген эпидемиологиялық зерттеудің деректері бойынша, 1 жыл ішінде остеопорозға байланысты 2 миллионнан астам сынық тіркелген, бұл жүрек – қан тамырлары аурулары.., инсульт және сүт безі обыры сияқты жаңа жағдайлардың санынан едәуір артық.

Халықтың қартаю қарқынын ескере отырып, 2025 жылға қарай тек АҚШ-та сынық пен сынықты емдеу шығындарының 48%-ға артуы күтілуде (яғни жылына 3 миллион сыныққа дейін және оларды емдеу шығындарының жалпы құны 25,3 миллиард долларға дейін жетеді.)

 

Қатер факторы: Глюкокортикостероидтерді 3 айдан артық қабылдау, темекі тарту, кальцийді жеткіліксіз қабылдау, D дәруменінің тапшылығы, алкогольді көп тұтыну, физикалық белсенділіктің төмендігі, ұзақ иммобилизация. Сондай-ақ 65 жастан асқан жас, әйел жынысы, ақ (кавказдық) нәсіл, алдыңғы сынықтар, сүйектің төмен минералды тығыздығы, құлауға бейімділігі, тұқым қуалаушылық (остеопороздың отбасылық тарихы), ДСИ (дене салмағы индексі) <20 кг/м2 және/немесе салмақ 57 кг-дан аз.

 

Сонымен, остеопороз бұл қаңқа сүйектерінің созылмалы ауруы, оны толығымен емдеу мүмкін емес.

 

Алайды, алдын алу шаралары сүйек тығыздығының төмендеуін бәсеңдетуі мүмкін. Остеопороздың дәлелденген қатер факторларының қатарына бір-бірімен тығыз байланысты кальций мен D дәруменінің тапшылығы жатады.

D дәруменінің тапшылығы орын алған жағдайда ішекте кальцийдің сіңуі төмендейді және оның ағзадан шығарылуы артады.

Остеопорозды емдеуге кешенді тәсілдеме қажет.

 

Кальций мен D дәрумені–остеопорозды емдеудің кез келген схемасының міндетті компоненті, кальцийді тәуліктік тұтыну мөлшері 1000-нан–1500 мг дейін, D дәрумені–2000 МЕ дейін.

 

SOLGAR компаниясының «Кальций цитраты D3 дәруменімен»—органикалық жеңіл сіңетін формадағы кальцийден, сонымен қатар кальцийдің ағзадағы қол жетімділігін арттыратын D3 дәруменінен тұрады.

Кальций цитраты, кальций карбонатына қарағанда ағзада тіпті асқазан қышқылы төмен болғанда да сіңеді.

Сондай-ақ, кальций цитратын қабылдау бүйректегі тас түзілу процесін басуға ықпал ететінін атап өткен маңызды.

Жүкті және бала емізетін әйелдерге ұсынымдар бойынша және бақылаумен рұқсат етіледі.

Қолдану бойынша ұсыныстар: Ересектерге күніне 1 таблеткадан 3 рет.

Шығарылу формасы: 60 таблетка, Nº120.

 

Сүйектің сапалы құрылымы мен беріктігі, оның тиімді жұмыс істеуі және уақтылы өзін-өзі жаңартуы тек жеткілікті қамтамасыз етілген жағдайда ғана мүмкін болады: A, C, D, E, K дәрумендерімен, кальциймен және фосформен, сонымен қатар микроэлементтер – магниймен, мыспен, темірмен, марганецпен, мырышпен, стронциймен және бормен – бұлар ферменттердің кофакторлары бола отырып, сүйек матрицасының синтезін, оның минералдануын, сондай-ақ сүйек тінінің біркелкі өсуін, икемділігі мен беріктігін реттейді.

Остеопороз егде жастағы адамдарда жиі кездесетіндіктен, құлау қаупін азайту маңызды (ілеспе ауруларды емдеу, көру қабілетін түзету, қабылданған дәрі-дәрмектер, үй жағдайын бағалау және өзгерту, дұрыс қозғалыс стереотипін үйрету, таяқшаны пайдалану, орнықты аласа өкшелі аяқ киім, үйлестіру және тепе-теңдік жаттығулары). Білім беру бағдарламалары да маңызды (“Остеопороз Денсаулық Мектебі”).

 

Сондай-ақ «D3 600 ME дәруменін» қосымша қабылдау — маусымаралық кезеңде сүйек құрылымын, сондай-ақ денсаулық пен иммунитетті қолдаудың маңызды әдісі. Өнім негізгі күнделікті қолдау үшін оңтайлы тәуліктік дозада – адам ағзасы үшін табиғи холекальциферол түрінде шығарылады.

Ал енді өзіңіздің 90 жасқа толған мерейтойыңызды елестетіңіз…

 

Саламатты өмір салтын сақтаңыз, дұрыс тамақтаныңыз, зиянды әдеттерден бас тартыңыз, жаяу жүріңіз.

 

Аман-сау болыңыз, ал Solgar компаниясы Сіздің денсаулығыңызға қолдау көрсетеді!