Омега-3 полиқаныққан май қышқылдары: теңдесі жоқ нутриенттер өмірдің барлық кезеңдерінде

3 минутыоқу

 

Омега-3 май қышқылдары адамның денсаулығын өмір бойы сақтауда маңызды рөл атқарады. Бұл теңдесі жоқ қоректік заттар құрсақішілік кезеңнен бастап қартайғанға дейін ағзаның дамуы мен жұмысына маңызды әсерін тигізеді. Бұл мақалада омега-3 май қышқылдарының өмірдің барлық кезеңдерінде қажет болуының негізгі себептерін қарастырамыз – деп түсінік берді Ушанская Елена Юрьевна («Нутрициология» кафедрасының доценті, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы, Қазақстан Республикасы)

 

Құрсақішілік даму және нәрестелік кезең

Жүктілік және ерте балалық шақ кезеңінде омега-3 май қышқылдары, әсіресе докозагексаен қышқылы (ДГҚ) мидың және құрсақ ішіндегі нәрестенің және жаңа туған бөбектің көзінің тор қабығының дұрыс дамуы үшін өмірлік маңызға ие. Бұл қышқылдардың тапшылығы баланың жүйке жүйесі мен көру қабілетінің дамуына қатысты қиындықтар тудыруы мүмкін.

Зерттеулер көрсеткендей, жүктілік кезінде омега-3-ті жеткілікті мөлшерде қабылдау балалардың когнитивтік функциялары мен моторлық дағдыларын жақсартуға көмектеседі. Сондай-ақ, аналары омега-3-ті жеткілікті мөлшерде қабылдаған балаларда аллергия мен демікпенің даму қатері аз екендігі байқалды.

 

«Үш еселі омега-3 950 мг ЭПҚ және ДГҚ»— Омега-3-ті күніне 1 капсуладан қабылдау үшін қолайлы форма.
Құрамында 950 мг омега-3, оның ішінде ЭПҚ–504 мг, ДГҚ – 378 мг болады.

 

Дәрігердің басшылығымен жүкті және бала емізетін әйелдердің қабылдауына рұқсат етілген.

 

Балалық шақ пен жасөспірім кезең

Балалық шақ пен жасөспірім кезеңде омега-3 май қышқылдары мидың дамуы мен когнитивті функцияда маңызды рөл атқарады. Бұл қышқылдар есте сақтау қабілетін, зейінін концентрациясын және оқу қабілетін жақсартуға көмектеседі. Олар сондай-ақ балалардың мінез-құлқына оң әсер етеді, назар тапшылығы мен гиперактивтіліктің (СДВГ) симптомдарын бәсеңдетуге көмектеседі.

Сонымен қатар, омега-3 жүрек-қан тамырларының саулығын сақтайды, бұл кейінгі өмірде созылмалы аурулардың ерте дамуын болдырмау үшін маңызды.

 

«Солгар алтын балықтары» шайнайтын капсулалары – жүйке жүйесін, мидың қоректенуі мен көруді қолдауға қажетті омега-3 май қышқылдарының.

 

Ересек жас

Ересектер үшін омега-3 май қышқылдары жалпы денсаулықты сақтау және әртүрлі аурулардың алдын алу үшін өте маңызды. Олар жүрек-қан тамырлары саулығын сақтауда шешуші рөл атқарады: кезбе жүйкенің парасимпатикалық стимуляциясына әсер ету арқылы жүрек соғу жиілігін төмендету, тамыр қабырғасы фиброзының және қайталама артериялық гипертензияның дамуының алдын алу, липидті профильді жақсарту, тромбтардың пайда болу қатерін азайту.

Омега-3 сонымен қатар қабынуға қарсы әсерге ие, бұл әсіресе артрит сияқты созылмалы қабыну ауруларында маңызды. Олар когнитивті функцияларды сақтауға және депрессия мен мазасыздықтың даму қатерін азайтуға көмектесе отырып, мидың денсаулығын сақтайды.

SOLGAR компаниясының «Балық майының концентраты»—бұл бағалы тұқымды терең су балықтарының – анчоус, макрель, сардина майынан алынған Омега-3-тің бағалы көзі (1 капсулада 300 мг, оның ішінде ДГҚ – 100 мг, ЭПҚ – 160 мг).

 

 

Егде жас

Жасы ұлғайған сайын омега-3 май қышқылдарына қажеттілік азаймайды. Керісінше, олар денсаулықты сақтау үшін бұрынғыдан да маңызды бола түседі. Омега-3 Альцгеймер ауруы және деменцияның басқа түрлері сияқты жасқа байланысты дегенеративті аурулардың даму қатерін азайтуға көмектеседі.

Сонымен қатар, олар қартайған кезде қозғалғыштық пен өмір сапасын сақтау үшін маңызды қабыну мен ауырсынуды азайта отырып, буындардың денсаулығын сақтайды. Омега-3 сондай-ақ көздің денсаулығын сақтауға көмектеседі, жасқа байланысты макулярлы дегенерацияның даму қатерін төмендетеді.

 

«Екі еселі омега-3 700 мг ЭПҚ және ДГҚ» SOLGAR ассортиментіндегі — бұл омега-3-тің максималды тәуліктік дозасы—1400 мг.
1 капсулада 700 мг Омега-3, оның ішінде ЭПҚ – 360 мг, ДГҚ – 240 мг.

 

Омега-3 ПҚМҚ тұтынудың тәуліктік нормасы ПНЖК:

500 мг – профилактикалық доза.
700-1000 мг – қайталама профилактика үшін (мысалы, инфаркттен немесе инсульттен кейін), сонымен қатар, жүкті және бала емізетін әйелдерге.

1000 мг – терапиялық доза жүрек-қан тамырлары және басқа ауруларда.
2000-4000 мг – белсенді емдеу кезінде, тек дәрігердің тағайындауы бойынша.

 

Омега-3 ПҚМҚ-ға бай азық-түлікті күнделікті рационға қосу, мысалы майлы балық, зығыр тұқымы және жаңғақтар, сонымен қатар, тамақ тиімді болмаған жағдайда қосымша ББҚ қабылдау бүкіл өмір бойы денсаулықты сақтаудың маңызды қадамы болып табылады.