САПА 1947 ЖЫЛДАН БЕРІ ЖҰМЫСЫМЫЗДЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
САПА БІЗ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ӘРБІР ПРОЦЕСТІҢ НЕГІЗІ ЖӘНЕ БІЗ ӨНДІРЕТІН ӘРБІР ӨНІМНІҢ НЕГІЗІНДЕ ЖАТЫР.
Қатаң бақылаудың жоқтығы үшін үнемі сынға ұшырайтын салада Solgar компаниясы өзін-өзі реттеуде бірегей. Біз бүкіл өндіріс процесінде сапа стандарттарын қатаң сақтаймыз.
Ең жақсы шикізатты мұқият таңдаудан бастап, дәріхана сөрелерінде пайда болатын премиум өнімдердің жоғары технологиялық өндірісіне дейін біз жасайтын барлық нәрсе өзіміздің Алтын Стандарт™ сапаға сәйкес келуі тиіс. Solgar компаниясының Алтын Стандарты™ көп жағдайда мемлекеттік реттеу талаптарынан асып түседі.
Solgar үшін сапа – ақырғы нәтиже ғана емес, бұл процесс. Біз ғылым мен технологиялардың дамуына сай Алтын Стандарт сапасын үнемі жақсартып тұрамыз.