Кальций және D3 дәрумені бар Ю-Кьюбс мармелад пастилкалары 60 дана

Кальций мен D3 дәрумені бар Ю-Кьюбс балаларға арналған мармелад пастилкалары D3 дәрумені мен кальцийдің қосымша көзі ретінде ұсынылады. Кальций сүйек тығыздығы мен беріктігінің төмендеуімен сипатталатын остеопороздың алдын алуға көмектеседі, қанның ұю процесіне және жүрек қызметін сақтауға, сондай-ақ жүйке импульстарының берілу процесіне қатысады. Холекациферол түріндегі D3 дәрумені сүйек тінімен кальцийдің сіңуіне және ағзаның инфекцияларға төзімділігін арттыруға көмектеседі.

Фармакологиялық әсері:

Құрамына кіретін D3 дәрумені ішекте кальций мен фосфордың сіңуіне көмектеседі және олармен бірге сүйектердің қалыптасу процесіне қатысады. Сондай-ақ D3 дәрумені “қуаныш гормоны” – серотонин деңгейін реттеуге қатысады әрі иммунитетті нығайтуға және арттыруға көмектеседі. Кешеннің құрамына кіретін пектин әртүрлі дақылдардың жемістерінде кездесетін өсімдік полисахариді болып табылады және ас қорытуда маңызды рөл атқарады. Пектин адамның ішек микрофлорасына жағымды әсер ететін тамаша тағамдық талшық болып табылады.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
60 мармеладты пастилка
Қолдану бойынша ұсынымдар
3 жастан асқан және одан үлкен балаларға тамақтану кезінде күніне 2 пастилкадан, ересектерге 3 пастилкадан
Құрамы
  • Кальций (трикальцийфосфат) – 125 мг,
  • D3 дәрумені (холекальциферол) – 3,75 мкг (150 МЕ)
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн. Балалардың ББҚ қабылдауы алдында педиатр дәрігерден кеңес алу қажет, 14 жасқа дейінгі балалар педиатр дәрігердің келісуімен және оның бақылауымен қабылдауы қажет

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы, жүктілік, бала емізу, көмірсулар алмасуының бұзылуы

Ұсынылатын бағасы

60 мармеладты пастилка: 12 244,59 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз