Кальций-Магний-Мырыш

Кальций-Магний-Мырыш таблеткалары тағамдарға биологиялық белсенді қоспа – кальций, магний және мырыштың қосымша көзі ретінде ұсынылады. Кальций сүйектердің беріктігін сақтауға мүмкіндік береді, магний кальцийдің сіңуіне ықпал етеді және оның сүйек тінінде біркелкі таралуын қамтамасыз етеді, мырыш коллаген синтезіне және сүйек түзілуіне қатысады. Өнімнің ерекшелігі бір таблеткадағы кальций, магний және мырыштың үйлесімінде, минералдардың ерекше органикалық (хелат) нысаны ағзаға барынша сіңу деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Фармакологиялық әсері:

Кальций сүйек тіндері мен дентиннің негізгі компоненті болып табылады, қозғыштықты, нейромедиаторлардың шығарылуын, бұлшықеттің жиырылуы мен босаңсуын бақылайды және қамтамасыз етеді. Магний минералдануды, біркелкі өсуді, сүйек тінінің икемділігі мен беріктігін реттеп, сүйектердің репаративті әлеуетін арттырады. Мырыш – сүйек тіні матриксының әртүрлі молекулалық компоненттерін синтездеуге қатысатын ферменттердің маңызды кофакторы.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
100 таблетка
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 2 таблеткадан
Құрамы
  • Кальций (кальций карбонаты, кальций цитраты, кальций глюконаты) – 333 мг,
  • Магний (магний оксиді, магний цитраты, магний глюконаты) – 133 мг,
  • Мырыш (мырыш глюконаты) – 5 мг
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Жүкті және бала емізетін әйелдерге Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы

Ұсынылатын бағасы

100 таблетка: 8 303,87 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз