Липотропты фактор

“Липотропты фактор” таблеткалары холиннің, инозиттің және метиониннің қосымша көзі ретінде ұсынылады. Холин, инозит, метионин синергетикалық түрде әсер етеді, бұл салмақ жоғалту, ұрпақты болу жүйесінің денсаулығын сақтау, май мен көмірсулар алмасуын қалыпқа келтіру проблемасына кешенді қарауға мүмкіндік береді.
Салмақ жоғалту үшін SOLGAR-дың “Липотропты факторын” қолдануды физикалық жаттығуларды орындаумен біріктіру ұсынылады. Ең алдымен, бұл кешенді май қабаты негізінен бел маңында болатын адамдар қабылдаған жөн.

Фармакологиялық әсері:

Холин бауырдағы липидтер алмасуына қатысады, қандағы инсулин деңгейін реттеп, көмірсулар алмасуына оң әсер етеді, сондай-ақ жүйке импульсының берілуіне қатысады, есте сақтау және танымдық функцияларды жақсартады. Инозит холестерин деңгейін қалыпты деңгейде ұстайды, көмірсулар алмасуын қалыпқа келтіреді, ұрпақты болу жүйесіне оң әсер етеді. L-метионин бауыр жасушаларында табиғи қалпына келтіру процестеріне ықпал етеді.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
50 таблетка
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 3 рет 1 таблеткадан
Құрамы

Холин (холин битартраты) – 410 мг,

Инозитол – 1000 мг,

L-Метионин – 1000 мг

Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы, жүктілік, бала емізу. Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Ұсынылатын бағасы

50 таблетка: 9 686,88 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз