Кешкі наурызгүл майы капсулалары 500 м

“Кешкі наурызгүл майы 500 мг” капсулалары полиқанықпаған май қышқылдарының, соның ішінде линол және гамма-линолен қышқылдарының қосымша көзі ретінде ұсынылады. Кешкі наурызгүл майы етеккір алдындағы кезеңнің ағымын жеңілдетуге септігін тигізетін омега-6 май қышқылдарының көзі болып табылады. Кешенді терапияда жағымсыз сезімдер мен тері кемшіліктерінің көрінісін азайтуға мүмкіндік береді. “Кешкі наурызгүл майы 500 мг” суық сығымдау әдісі арқылы алынған, бұл кешкі наурызгүл тұқымдары мен оның белсенді компоненттерінің барлық пайдалы қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді.

Фармакологиялық әсері:

“Кешкі наурызгүл майы – омега-6 май қышқылдарының, атап айтқанда
ЕАС (етеккір алдындағы синдром) көрінісін жеңілдетуге ықпал ететін гамма-линолен қышқылының (ГЛҚ) көзі.
ГЛҚ қосымша қабылдау терінің әртүрлі ауруларында (дерматит, экзема және псориаз) терінің қышуы мен қабынуын азайтуға мүмкіндік береді.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
60 капсула
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 3 рет 1 капсуладан
Құрамы
  • ПҚМҚ – 410 мг,
  • Линол қышқылы – 365 мг,
  • Гамма-линолен қышқылы (омега-6) – 45 мг
    Көзі: Кешкі наурызгүл тұқымдарының майы – 500 мг
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы, жүктілік, бала емізу. Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Ұсынылатын бағасы

60 капсула: 10 080,37 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз