“Әйелдерге арналған табиғи өсімдік кешені” капсулалары құрамында тритерпен сапониндері бар флаволигнандардың көзі ретінде ұсынылады. Бұл кешен құрамында соя ұрығының, арыстанқұйрық шөптерінің, қасиетті витекс жидектерінің, дәрілік балдырған тамырының, ақтаспашөп тамырының, сүт ошаған тұқымдарының табиғи сығындылары, балдырған тамырының ұнтағы бар. Теңдестірілген құрамының арқасында “Әйелдерге арналған табиғи өсімдік кешені” жалпы қуаттандырушы әсерге ие, жұмыс қабілеттілігі мен стресске төзімділікті арттыруға, етеккір циклын қалыпқа келтіруге және климактерийлік кезең белгілерінің көріністерін (қызбалық, тершеңдік, қалтырау, жоғары қан қысымы) төмендетуге ықпал етеді.
Фармакологиялық әсері:
Дәрілік балдырған тамыры – эстрогендерге ұқсас әсер ететін фитоэстрогендердің көзі. Соя изофлавондарының сығындысы гормоналды тепе-теңдікті, холестерин алмасуын қалыпқа келтіреді, антиоксидантты әсерге ие. Қасиетті витекс жидектерінің сығындысы әртүрлі гинекологиялық проблемалар – етеккір алды синдромы, циклдың бұзылуы, кеудедегі ауырсыну кезінде қолданылады. Жарғақты ақтаспашөп тамыры аналық бездердің жұмысына оң әсер етеді, жыныстық құмартуды күшейтеді. Алатікен тұқымдары сығындысының жұмсақ өт айдаушы әсері бар, бауырдағы токсиндерді кетіруге көмектеседі. Арыстанқұйрық шөптерінің сығындысы дәстүрлі түрде етеккір циклының бұзылулары, ЕАС кезінде қолданылады.
Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.