Ерлерге арналған шөп кешені

«Ерлерге арналған шөп кешені» капсулалары панаксозидтер мен элеутерозидтердің қосымша көзі ретінде ұсынылады. Бұл кешенде ергежейлі пальма жемістерінің, қос ұялы қалақай жапырақтарының, жарғақты ақтаспашөп тамырының, корей адамтамыры түбірінің, тікенді элеутерококк тамырының, соя изофлавондарының табиғи сығындылары, ергежейлі пальма жемістерінің ұнтағы, жарғақты ақтаспашөп тамырының ұнтағы, тікенді элеутерококк тамырының ұнтағы, қалақай жапырақтарының ұнтағы бар. Теңдестірілген құрамының арқасында «Ерлерге арналған шөп кешені» жалпы нығайтушы әсерге ие, еңбекке қабілеттілікті және стресске төзімділікті арттыруға, иммунитетті нығайтуға, қуық асты безі аденомасының даму қаупін азайтуға және тестостерон деңгейін қалыпқа келтіруге ықпал етеді.

Фармакологиялық әсері:

Ергежейлі пальма (Со Пальметто) жемістерінің сығындысы мен жемістерінің құрамында қабынуға қарсы белсенділікке және қуық асты безі гиперплазиясының (аденомасының) даму процесінің алдын алу қабілетіне ие заттар бар. Қалақай жапырақтарының сығындысы мен ұнтағының қуық асты безі аденомасында зәр шығару процесін жеңілдетуге және қуық асты безінің жұмысын қалыпқа келтіруге көмектесетін орташа айқын несеп айдаушы әсері бар. Жарғақты ақтаспашөп тамырының сығындысы мен ұнтағы сергітуші құрал ретінде қолданылады. Сондай-ақ ақтаспашөптің белсенді ингредиенттері иммунитетті және ағзаның жұқпалы ауруларға төзімділігін арттыруға көмектеседі. Корей адамтамыры және элеутерококк сығындысы ақыл-ой және дене жүктемелерімен жеңіл күресуге, әртүрлі күйзелістерге төтеп беруге көмектесіп, ағзаға сергіткіш әсер етеді. Соя изофлавондары сығындысы қуық асты безі қатерлі ісігінің даму қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, соя изофлавондары холестерин деңгейін төмендетуге қатысып, жүрек-қан тамырлары жүйесіне оң әсер етеді.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
50 капсула
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 1-2 капсуладан
Құрамы
  • Панаксозидтер – 6,0 мг, Элеутерозидтер – 0,6 мг
    Көздері:
  • Ергежейлі пальма жемістерінің сығындысы – 75 мг,
  • Қос ұялы қалақай жапырағының сығындысы – 75 мг,
  • Жарғақты ақтаспашөп тамырының сығындысы – 75 мг,
  • Корей адамтамыры түбірінің сығындысы – 75 мг,
  • Тікенді элеутерококк тамырының сығындысы – 75 мг,
  • Соя изофлавондарының сығындысы – 75 мг,
  • Ергежейлі пальма жемістерінің ұнтағы – 50 мг,
  • Жарғақты ақтаспашөп тамырының ұнтағы – 50 мг,
  • Тікенекті элеутерококк тамырының ұнтағы -25 мг,
  • Қалақай жапырақтарының ұнтағы – 25 мг
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы, жоғары жүйке қозғыштығы, ұйқысыздық, жүрек қызметінің бұзылуы, жоғары қан қысымы, ауыр атеросклероз

Ұсынылатын бағасы

50 капсула: 18 951,33 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз