Solgar әрбір кәріптас түсті сауытында алтын түстес қақпақтың астында ондаған жылдарға созылған бейнетті зерттеулер, озық ғылыми жетістіктер және салауатты өмір салтына мүдірмейтін шынайы берілгендік туралы тарих сақталған.
Омега-3- полиқанық майлы қышқылдар класы (ПҚМҚ), ағзаға, соның ішінде иммунитетке және жүрек-қан тамырлары жүйесінің саулығына пайдалы әсер береді. Майлы қышқылдар жасушалы мембраналардың құрылымы мен функциясын сақтап тұрады, алмасу үдерістерін реттейді. Таптырмайтын майлы қышқылдар сондай-ақ ағзаның қалыпты өсуі, соның ішінде қан тамырлары мен жүйкелер үшін де маңызды.Олар ағзада синтезделмейді және сырттан келіп түсу керек.Ең маңызды майлы қышқылдарға мыналар жатады:Эйкозапентаен қышқылы (ЭПҚ) және докозагексаен қышқылы (ДГҚ).Біздің еліміздің барлық өңірінде омега-3 майлы қышқылдарға бай жаңа ауланған жабайы теңіз балығына қол жеткізу мүмкіндігі бар деп айту қиын. Аптасына майлы балықтың кемінде 2-3 порциясымен өздерін қамтамасыз етіп отырған адамдардың саны да өте аз (орта есеппен 20% аспайды).Құрамында омега-3 майлы қышқылдары бар азық-түліктерді жеткілікті мөлшерде тұтынбау оның тапшылығының пайда болуына алып келуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына (2016) сәйкес докозагексан қышқылының жеткілікті мөлшері тәулігіне 200-300 мг құрайды. Бұл мөлшерді рационға аптасына екі рет балықты, соның ішінде, майлы балықты (албырт, бақтақ, сардина) – аптасына ең көбі 1 рет қосқан кезде қамтамасыз етуге болады.
Алайда мұхит балығының етінде сынап және басқа да ауыр металдар тұздарының бар екенін ескерсек, оны көп мөлшерде қолданбаған жөн. Егер адам балық жемейтін болса, рационға жұмыртқа мен сүт қосқан, сондай-ақ құрамында ЭПҚ мен ДГҚ бар препараттарды, балық майын қабылдаған дұрыс.*
SOLGAR ұсынған«Үш еселік Омега-3 950 мг»құрамындағы эйкозапентаен (ЭПҚ) және докозагексаен (ДГҚ) қышқылдары тексеруден өткізілген және ең органикалық түрде пайдалы мөлшерде ұсынылған.
Өндіру кезінде омега-3 майлы қышқылдарының барлық пайдалы қасиеттерін сақтап қалу үшін суықтай баспақтау технологиясы қолданылады. Сонымен қатар шикізатты ауыр металдардың тұздарынан тазалау мақсатында молекулалық тазарту әдісінің қолданылуы жүктілікке дайындалу кезеңінде, сондай-ақ жүктілік пен бала емізу кезінде әйелдердің омега-3 препаратын қабылдау сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді.
ОМЕГА-3: БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН.
Балалар – біздің мұрамыз. Теңдестірілген тамақтану және қажетті нутриенттерді қосымша қабылдау – дұрыс өсудің маңызды құрауышы. Балалар үшін премиялық сападағы өнімдерді таңдай отырып, біз оларға дені сау, мықты және табысты болып өсуіне көмектесеміз.
Майлы сұрыпты балық балалардың рационында Омега-3 негізгі көзі ретінде міндетті түрде болу керек. Жабайы ортада өсірілген сапалы және балғын балықты таңдау маңызды. Solgar компаниясы құрамындағы ДГҚ мен ЭПҚ мөлшері оңтайлы Солгар алтын балықтары өнімін шығару үшін Омега-3 сапалы көзі деген лайықты атаққа ие болған асыл тұқымды тереңде мекенде йтін жабайы өсетін балықтардың сүделі бөлігін пайдаланады.Заманауи тазалау әдісі – молекулалық тазалаудың арқасында өнімнің қауіпсіздік бейіні жоғары, антитотықтырғыш және ашып кетуден қорғаныш ретінде табиғи Е дәрумені қосылған.
Солгар алтын балықтары өнімі құрамындағы ДГҚ мен ЭПҚ мөлшері бойынша стандартталған. Олар ми мен жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметі үшін жауап беретін қышқылдар болып табылады. Докозагексаен қышқылы (ДГҚ) — бұл жасушалы мембраналардың құрылыс материалы болып таылатын ми мен көру мүшелерінің фосфолипидтерінің негізгі компоненті.Ми жасушаларындағы ДГҚ оңтайлы мөлшері зейін қоюды арттыруға және баланың мінез-құлықтық ерекшеліктерін жақсартуға көмектеседі.Шайнайтын алтын балықтардың жағымды дәмі бар, құрамына қант, тұз, крахмал, ашытқы, желімтек, сүт компоненттері және синтетикалық қоспалар қосылмаған, ауызда балық дәмін қалдырмайды. Ал шайнайтын капсулалардың 90 формасы өнімді ұзақ уақыт бойы ыңғайлы әрі оңтайлы қабылдауға мүмкіндік береді.
Solgar 75 жылдан бері табиғи шикізат қолданып келе жатыр және бүкіл әлем бойынша адамдардың хал-жайын мінсіз жақсартатын премиялық сападағы нутриенттер өндірісінде ғылыми тәсілдемеге бағдарланады.