БАР ЖАҚСЫ БАЛАЛАРҒА

5 минутоқу

Басты:

«Балаларға арналған дәрумендерді қалай таңдаған дұрыс?»,

«Өтініш, кеңес беріңізші, балалар үшін ең пайдалы дәрумендер қандай!»,

«Ең жақсы дәрумендер қандай?»

 

Өз баласының ағзасын дәрумендермен және минералдармен толтырғысы келген кезде ата-аналар осындай сұрақтарды өздеріне де, дәріхана мамандарына да жиі қойып жатады.

Бұл мақалада біз нутриенттерді таңдау ерекшеліктері мен оның бала ағзасының дамуына әсері туралы толығырақ сөз қозғаймыз.

Өкінішке орай, қазіргі балалардың тамақтану салты жиі көңілге қонбайды және дәрумендер мен минералдар тапшылығы анық.

Сонымен қатар олардың ағзаға түсуі бұзылған кезде немесе олардың сіңуімен және қорытылуымен мәселелер туындаған кезде де тапшылық туындайды.

Дәрумендер тапшылығы кезінде зат алмасу процесінде әртүрлі бұзушылықтар белең алып, олар ағзаның жұмысындағы іркілістерге және патологиялардың туындауына алып келеді.

 

Полидәрумендерді сатып алған кезде бірқатар факторға назар аудару керек:

 

Біріншісі—құрамына:

  • Табиғи құрам, табиғи сығындылардың қосылуы.
  • Бір-бірінің қорытылуына кедергі келтірмей, керісінше, бір-бірінің тиімділігін күшейту үшін дәрумендер мен минералдардың дұрыс қосылуы. Мысалы, темірді қорыту үшін А, С және В дәрумендері қажет, ал мырыш — мыстың антагонисті;
  • Әр дәруменнің анағұрлым тиімді болып есептелетін өз нысаны бар. Мысалы, органикалық биоқолжетімділігі жоғары нысандар, мәселен, натрий аскорбаты түріндегі С дәрумені, L-аскорбин қышқылы, холикальциферол түріндегі Д3 дәрумені.
  • Синтетикалық консерванттар мен бояғыштардың, хош иістендіргіштердің, аллергендердің болмауы.

 

Екіншісі—дозасы.

Дәрумендер мен минералдар кешені белгілі бір өмір кезеңіндегі өсіп келе жатқан ағзаның қажеттіліктеріне сәйкес келуі тиіс. Емдік және профилактикалық дозалар болады. Біріншісі гиповитаминоз (бір немесе бірнеше дәруменнің ішінара жетіспеуі) және авитаминоз (бір немесе бірнеше дәруменнің аса қатты жетіспеуі) кезінде осы жағдайларды түзету үшін, ал екіншісі тапшылықтың алдын алып, иммунитетті күшейту үшін тағайындалады.

 

Үшіншісі—қабылдау сұлбасы. Қабылдауға ыңғайлы болуы аса маңызды тармақ.

 

Төртіншісі—шығарылу нысаны. Балаларға шайнайтын, жануарлардың мүсіні түріндегі тосапқақ нысанындағы дәрумендік кешендер аса лайық болмақ. Бұл өте ыңғайлы және балаларға міндетті түрде ұнайды.

 

Solgar компаниясы әр жастағы жеке қажеттіліктерді ескере отырып, ғылыми деректерге негізделген кең жиынтықты әзірлей отырып, дәрумендер мен минералдар өндірісіне өте жауапты қарайды.

 

ИММУНИТЕТТІ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН С ДӘРУМЕНІ

Ағзаның иммундық жүйесі күнделікті қорғанысты қажет етеді. С дәруменінің арқасында баланың иммунитетін қолдап, ағзаның қарсыласу күшін арттыруға болады. С дәруменіне бай өнімдер – апельсин, лимон, грейпфрут, сонымен қатар ананас, киви, болгар бұрышы, құлпынай, қызанақ, брюссель қырық қабаты және басқа да азық-түліктер.

Өкінішке орай, тамақ рационы арқылы С дәруменінің тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз ету мүмкін бола бермейді. Solgar компаниясы әзірлеген апельсин дәмі бар 100 мг С дәрумені қосылған Кангавитесті қолдану керемет шешім болмақ.

Өнім синтетикалық консерванттарды, бояғыштарды және әлеуетті аллергендерді қоспай, мұқият іріктеп алынған табиғи компоненттерден ғана өндіріледі.

100 мг С дәрумені қосылған “Кангавитес иммунитетті күшейтіп, төзімділікті арттыруға бағытталған және баланың оңтайлы дамуына қолдау көрсетеді. Ас қорыту жүйесіне ықпал етеді- ас қорыту ферменттерінің жасалуын жандандырып, темірдің қорытылуына қолдау көрсетеді.

 

ӨСУГЕ ЖӘНЕ ТЕҢГЕРІМДІ ДАМУҒА АРНАЛҒАН МУЛЬТИДӘРУМЕНДЕР

Қарқынды өсу мен дамуға қолдау көрсету үшін баланың ағзасы дәрумендер мен минералдардың күнделікті физиологиялық қорын толықтырып отыруды қажет етеді, бұл жүйке, жүрек-тамыр жүйесінің, қозғалу-тірек аппаратының және көру органдарының қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етеді, сонымен қатар баланың жалпы өзін сезінуін жақсартады.

Кангавитес – Solgar компаниясы өндірген шайнайтын таблетка түріндегі тропикалық жемістердің дәмі бар мультидәрумендер мен минералдардың кешенді формуласы, бұл аса жоғары сапалы өнім, ең үздік шикізатты- брокколи, қызылша, сәбіз, сары өрік, алма, құлпынай мен итмұрын сығындысын пайдалана отырып, ғылыми ұстанымның арқасында әзірленген. Кешен дәрумендер мен минералдардағы тәуліктік физиологиялық қажеттілікті қамтамасыз етеді. Өнім құрамы С дәруменіне, фоли қышқылына, биотинге, кальцийге, магнийге бай, олар баланың қозғалыс-тірек аппаратын, көру органдарын және ас қорыту жүйесін қалыптастыру үшін жұмсалады. Кангавитес мультидәрумендер мен минералдар кешеніне иммундық жүйені қалпына келтіруге, респираторлық және асқазан-ішек аурулары жиілігін төмендетуге арналған селен, хром және соя лецитині қосылған.

 

ОМЕГА-3 ЗЕЙІН ҚОЮДЫ АРТТЫРУҒА ЖӘНЕ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУГЕ АРНАЛҒАН МАЙЛЫ ҚЫШҚЫЛДАР

Балалардың рационында Омега-3 негізгі көзі ретінде міндетті түрде балықтың майлы сұрыптары болуы тиіс. Жабайы ортада өсірілген сапалы және жаңа ауланған балықты таңдау керек. Solgar компаниясы ДГҚ мен эПҚ оңтайлы құрамы бар Солгар алтын балық өнімін өндіру үшін терең суда жабайы өсетін асыл тұқымды балықтың жон еті бөлігін пайдаланады, олардың Омега-3 сапалы көзі болып танылуы бекер емес.

Заманауи тазарту әдісі – молекулярлық дистилляцияның арқасында өнім жоғары қауіпсіздік бейініне ие, актитотықтырғыш және қышқыл дәмнен қорғау үшін табиғи Е дәрумені қосылған. Солгар Алтын балық өнімі ДГҚ мен ЭПҚ құрамы бойынша стандартталған. Бұл бас миы мен жүрек-тамыр жүйесінің қызметіне жауап беретін қышқылдар.

Докозагексаен қышқылы (ДГҚ) – жасушалық мембраналардың құрылыс материалы болып табылатын бас миы мен көру органдары фосфолипидтерінің негізгі компоненті. Ми жасушасындағы ДКҚ оңтайлы көлемі зейін қоюды арттырып, баланың мінез-құлық ерекшеліктерін жақсартуға көмектеседі.

Шайнайтын алтын балықтардың дәмі жағымды, құрамында қант, тұз, крахмал, ашытқы, желімтек, сүт компоненттері мен синтетикалық қоспалар жоқ, ауызда балық дәмін қалдырмайды. Ал шайнауға арналған 90 капсуланың нысаны өнімді ұзақ уақыт ыңғайлы әрі жайлы қабылдауға мүмкіндік береді.

 

Белсенді өсу мен даму кезеңінде D3 дәрумені мен кальцийдің көзі 

Құлпынай дәмі бар пайдалы шайнайтын мармелад кальций мен D3 дәруменінің қосымша көзі болып табылады, балалардың қалауы мен ата-анасының тілегін ескере отырып, заманауи ғылыми зерттеулер базасында әзірленген.

Бала ағзасының белсенді өсу кезеңі ішінде кальций сүйек тіндерінің, тістің, шаштың қалыптасуына ықпал етеді, бұлшықет талшықтарының жұмысын реттейді, жүйке импульстарының жұмысын үйлестіреді. Оның құрамына кіретін D3 дәрумені ішікте кальций мен фосфордың қорытылуына көмектеседі және онымен бірге сүйектердің қалыптасу процесіне қатысады. Сонымен қатар D3 дәрумені «қуаныш гормоны»- серотонин деңгейін реттеуге қатысады, иммунитетті нығайтып, арттыруға ықпал етеді. Кешеннің құрамына кіретін пектин әртүрлі дақылдардың жемістерінде болатын өсімдік тектес полисахарид болып табылады және ас қорыту жүйесінде елеулі рөл атқарады. Пектин ішектің микрофлорасы мен толқи жиырылуына қалыпты әсер ететін керемет тағамдық талшық болып табылады. Ал шайнауға арналған 60 тосапқақ нысаны өнімді ұзақ уақыт ыңғайлы әрі жайлы қабылдауға мүмкіндік береді.

 

БАР ЖАҚСЫ БАЛАЛАРҒА

Балалар-біздің мұрамыз. Теңгерімді тамақтану және қажетті нутриенттерді ұзақ уақыт қабылдау – толыққанды өсудің маңызды құрамдас бөлігі. Балалар үшін аса жоғары сападағы өнімдерді таңдай отырып, біз олардың сау, күшті әрі табысты болып өсуіне көмектесе аламыз.

 

 

Solgar 75 жыл бойына табиғи шикізатты пайдаланып келеді және жоғары сапалы нутриенттер өндірісіне қатысты ғылыми ұстанымға бағдарланады, бұл жер бетіндегі барша адамның өзін керемет сезінуіне ықпал етеді.

 

 

Сіздің өнімге қатысты сұрақтарыңыз қалған болса-Solgar мамандары сізге қуана-қуана жауап береді

(жұмыс күндері 09:00-18:00)

+7(727)311-14–44