Неліктен магний денсаулық үшін өте маңызды?

3 минутыоқу

Басты:

Магний адам ағзасында маңызды рөл атқарады. Магний жасушалардың тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді, нейрондардың қозғыштығын төмендетеді және жүйке-бұлшықет берілісін баяулатады. Ол сондай-ақ қимыл-тірек аппаратының, жүрек-тамыр және эндокриндік жүйелердің күйіне әсер ететін кальций мен калий алмасуын реттейді. Көбінесе, магнийдің арқасында адам ағзасының өзгеретін сыртқы жағдайларға бейімделу қабілеті болады. Стресске төзімділік – бұл ең алдымен ағзадағы осы минералдың бар болуымен анықталатын сапа болып табылады.

Оттегі, су және тамақтан кейін магний біздің ағзамыз үшін ең маңызды элемент болуы мүмкін. Оны көбінесе тіршіліктің негізгі минералы деп атайды. Өсімдіктерде бұл маңызды микроэлемент, біздің планетамызды жасыл түспен қаптайтын хлорофилл-пигменті молекуласының орталығын құрайды. Адамдарда магний жүйке тінінің қозғыштығы мен өткізгіштігін «басқару орталығы» болып табылады, ол мидағы қазіргі уақытта белгілі нейропептидтердің көпшілігінің синтезіне қатысады.

 

Бұл микроэлемент бұлшықеттер мен жүйкелерге ғана қажет емес. Онсыз барлық дерлік биохимиялық процестер қалыпты түрде жүре алмайды. Магнийдің ағзада көптеген қолданылу нүктелері бар, бірақ олардың негізгілерінің бірі оның жүйке жүйесін бұзушы стресстен қорғауға қатысуы болып табылады.

 

Дүние жүзіндегі сарапшылар адамдарды күйзеліске шынайы мән беруге шақырады. Бұл ауыр аурулардың дамуына себеп болуы мүмкін. Жүйкенің сарқылуы денедегі сүйек, бұлшықет және дәнекер тініне, сондай-ақ гормондық және иммундық жүйелердің жұмысына теріс әсерін тигізеді. Осылайша, ұзақ уақыт бойы күйзеліске ұшыраған адам әртүрлі инфекциялар мен вирустарға осал болады. Стресспен тиімді күресу үшін денеге ең алдымен магний қажет.

 

Ағзадағы магний жетіспеушілігінің себептері

 

Магний жетіспеушілігі жиі магний шығынының жоғарылауы жағдайында пайда болады. Бұл, әдетте, организмге жоғары талаптар қойылған кезде, психикалық немесе физикалық стресстің жоғарылауымен байланысты стресстік жағдайлары. Дегенмен, барлық адамдар өздерінің өмір сүру жағдайларының өзгеруіне бірдей адекватты түрде әрекет ете алмайды. Mg тапшылығы элементтің тамақ және сумен бірге жеткіліксіз келуі нәтижесінде де пайда болуы мүмкін.

Күздің аяғынан ерте көктемге дейінгі кезеңдегі магний тапшылығының жиі кездесетіні тән нәрсе. Мұндай жағдайларда ағзаны магнийдің жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ету керек.

 

Стресс – магний тапшылығының салдары.

 

Магнийдің орнын толтыру – стрессті емдеуде қажет нәрсе.

Егер әлі белгілері болмаса және біз магний тапшылығының алдын алу туралы айтатын болсақ, онда бұл жағдайларда минералды жеткілікті мөлшерде тағаммен бірге алуға болады. Диетада көбірек жасыл көкөністер мен жемістер, жарма, дәнді дақылдар, сондай-ақ тағамнан магнийдің сіңуіне ықпал ететін ең алдымен В6 дәрумені бар өнімдер болуы маңызды (банандарда, қабығымен пісірілген картопта, қоңыр күріште,қарақұмықта көп бар). Сондай-ақ ас тұзын теңіз тұзымен алмастырып, дұрыс тамақтану қағидатын ұстану керек.

Ағза стресс жағдайында болған жағдайда, өкінішке орай, магнийдің тағамдық көзі жеткіліксіз болуы мүмкін. Емдеу ретінде ағзаға жасушалардағы магнийді бекітуге және оның шығарылуына жол бермейтін, осылайша оның тапшылығын толтыруға көмектесетін қосымша қоректік заттарды қолдану қажет. Бұл биоорганикалық магний және ең алдымен магний цитраты, сонымен қатар В дәрумендерімен біріктірілген.

 

 

SOLGAR ассортименттерінде «Магний цитраты», «В-кешен» сияқты өнімдер ұсынылған.

 

 

SOLGAR-дан органикалық хелатталған «Магний цитраты» тамақтану рационындағы минералдың жетіспеушілігін өтейді.• Ұсынылатын норма – 1 таблеткадан күніне 2 рет тамақтану кезінде (тәуліктік қабылдауда 400 мг ).

 

SOLGAR-дан «В-кешен»: В дәрумендерінің қосымша көзі ретінде ұсынылады.Тек кейбір В дәрумендері ағзада синтезделеді, оның өзінде аз мөлшерде, ол қалыпты тіршілік әрекетін сақтау үшін жеткіліксіз, сондықтан олардың тепе-теңдігін тамақтану рационымен толықтыру маңызды. Солгар компаниясы «В-кешені» – әрбір капсуладағы В дәрумендерінің теңдестірілген кешенін ұсынады. Қолдану бойынша ұсыныстар: ересектер, тамақпен бірге күніне 1 капсула.

 

 

 

Өнім туралы сұрақтарыңыз болса, Solgar мамандары сізге кеңес беруге дайын (жұмыс күндері 09:00-18:00)

+7(727)311-14–44