Қоңыр балдырлар мен калий йодидінен жасалған йод

“Қоңыр балдырлар мен калий йодидінен жасалған йод” таблеткалары йодтың қосымша көзі ретінде ұсынылады. Ағзаға йодтың түсуі әртүрлі факторлардың әсерінен, соның ішінде ағзаның басқа да маңызды микронутриенттермен (дәрумендер мен микроэлементтермен) жеткіліксіз қамтамасыз етілуімен, сондай-ақ күнделікті өмірдегі стресстің салдарынан бұзылуы мүмкін. Йод жетіспеген кезде шаршау, бас ауруы, жабырқаңқы көңіл-күй, күйгелектік, қызбалық, есте сақтау мен ақыл-ойдың төмендеуі байқалады.

Фармакологиялық әсері:

Йод қалқанша безі гормондарының міндетті құрылымдық компоненті болып табылады, олар өз кезегінде барлық алмасу процестеріне жан-жақты әсер ете отырып, адам ағзасының толыққанды дамуын, өсуін және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
250 таблетка
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 1 таблеткадан
Құрамы
  • Йод – 200 мкг
  • Көзі: Калий йодиді – 160 мкг, Солтүстік Атлантикалық қоңыр балдыр (Келп) – 40 мкг
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы және йод препараттарын қолдануға болмайтын жай-күйлер. Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн. Қалқанша безінің аурулары бар және йод препараттарын қабылдайтын адамдар қолданар алдында эндокринолог дәрігерден кеңес алуы керек.

Ұсынылатын бағасы

250 таблетка: 15 641,36 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз