Қос Омега-3′ 700 мг ‘ ЭПҚ және ДГҚ

“Қос омега -3 700 мг ЭПҚ және ДГҚ” капсулалары Омега-3 полиқанықпаған май қышқылдарының, оның ішінде эйкозапентаендік және докозагексаендік қышқылдардың, Е дәруменінің қосымша көзі ретінде ұсынылады.
“Қос Омега-3 700 мг ЭПҚ және ДГҚ” құрамында ПҚМҚ Омега -3 1400 мг (тәуліктік мөлшерлеме) бар және молекулярлық дистилляцияның бірегей технологиясы – балық майынан ауыр металл тұздарын жоюға мүмкіндік беретін әдіс бойынша өндіріледі. Ашып кетуден және тотығудан қорғау үшін “Қос Омега-3 700 мг ЭПҚ және ДГҚ” әр капсуласына табиғи Е дәрумені қосылған.

Фармакологиялық әсері:

Омега-3 – ағзамыз өздігінен синтездей алмайтын полиқанықпаған май қышқылдарының (ПҚМҚ) санаты, сондықтан тамақпен омега-3 ПҚМҚ-ның жеткілікті мөлшерінің келуін бақылау өте маңызды. Омега-3 май қышқылдары көру қабілетін қорғауға, мидың жұмысын жақсартуға, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға, холестерин деңгейін қалыпқа келтіруге ықпал етеді. Омега-3 ПҚМҚ-ның бай көзі балық, негізінен оның майлы сорттары (скумбрия, албырт, тунец) болып табылады.

Шығару нысаны
60 капсула
30 капсула
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 2 рет 1 капсуладан
Құрамы
  • Омега-3 ПҚМҚ – 700 мг,
  • оның ішінде Докозагексаендік қышқыл (ДГҚ) – 240 мг
  • Эйкозапентаендік қышқыл (ЭПҚ) – 360 мг,
  • Е дәрумені – 4,8 мг
  • Көзі: Балық майы концентраты – 1200 мг
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Жүкті және бала емізетін әйелдерге дәрігердің ұсынымы бойынша және оның бақылауымен қабылдау

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы

Ұсынылатын бағасы

60 капсула: 19 732,53 ₸

30 капсула: 10 797,92 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз