Аймақтар Жайлылығы

“Аймақтар жайлылығы” капсулалары ас қорыту ферменттерінің көзі ретінде ұсынылады. Кешеннің құрамына кіретін ферменттер (амилаза, пектиназа/фитаза, инвертаза, мальтаза, альфа-галактозидаза, целлюлаза) ашыту және метеоризмнің пайда болу процестерінің алдын алуға ықпал етеді. Лактаза сүт өнімдеріне төзбеушіліктің, мысалы, сұйық нәжіс, іштің кебуі, ішектің ауырсынып жиырылуы сияқты белгілерін азайтуға мүмкіндік береді. Протеазалар, бромелайн (ананас сығындысы) және папаин зиянды бактериялардың ішек шырышты қабатына жабысуына жол бермейді, ал липаза асқазанның ауырлығы мен толып кету сезімін жоюға мүмкіндік береді. Кешенге сондай-ақ зире, үлкен аскөк және түймедақтың өсімдік сығындылары қосылған.

Фармакологиялық әсері:

Амилаза, пектиназа / фитаза, инвертаза, мальтаза, альфа-галактозидаза, целлюлаза көмірсулардың ашыту процесінің алдын алуға ықпал етеді және метеоризм көріністерін азайтады, лактаза сүт өнімдеріне төзбеушіліктің сұйық нәжіс, іштің кебуі, ішектің ауырсынып жиырылуы сияқты белгілерін азайтуға көмектеседі. Протеаздар, бромелайн (ананас сығындысы) және папаин ағзаның глютенге және басқа да аллергендерге төзімділігін арттырады. Липаза асқазанның ауырлығы мен толып кету сезімін азайтып, сондай-ақ майда еритін А, D, Е, К дәрумендерінің сіңуіне ықпал етеді. Зире, зімбір, үлкен аскөк және түймедақ сияқты өсімдік сығындыларын қосу ас қорытуды барынша ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
90 капсула
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 1 капсуладан
Құрамы
  • Энзимдердңің патенттелген қоспасы – 200 мг,
  • Амилаза – 12500 DU,
  • Протеаза – 50000 HUT,
  • Лактаза – 1000 ALU,
  • Пектиназа – 75 эндо – PGU,
  • Липаза – 1000 FIP,
  • Бромелайн – 100000 PU,
  • Целлюлаза – 500 CU,
  • Папаин – 100000 PU,
  • Инвертаза – 300 SU,
  • Мальтаза – 300 DP,
  • Альфа-галактозидаза – 150 GaIU,
  • Botanical Comfort қоспасы (Зире ұнтағы (тұқымдар), Үлкен аскөк сығындысы, Түймедақ (гүлдер), Зімбір сығындысы (тамыр), Анис ұнтағы (тұқымдар)) – 225 мг,
  • Амилолитикалық белсенділік – 2500 FIP/капс,
  • Протеолитикалық белсенділік – 150 FIP/капс
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн. Дәрігердің ұсынымы бойынша және оның бақылауымен қабылдау

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы

Ұсынылатын бағасы

90 капсула: 18 662,00 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз