Бөрікгүл жапырақтарының сығындысы

«Артишок жапырақтарының сығындысы» капсулалары құрамында илік заттектер бар гидроксикорикалық қышқылдардың қосымша көзі ретінде ұсынылады. Артишок жапырақтарындағы белсенді заттар, негізінен цинарин, бауыр жасушаларын қорғап, өт айдаушы әсерге, сондай-ақ ішек моторикасын арттыруға ықпал етеді. Вакуумдық кептіру технологиясы барлық биологиялық белсенді заттарды толық көлемде сақтауға мүмкіндік береді.

Фармакологиялық әсері:

Бөрікгүл жапырақтарының сығындысы өт секрециясының артуына ықпал етеді, бұл өз кезегінде майлар мен майда еритін заттарды (мысалы, майда еритін дәрумендер) қорытуға және сіңіруге, сондай-ақ ішек моторикасын жақсартуға қажет. Өт айдаушы әсерінің арқасында бөрікгүл жапырақтарынан алынған сығынды бауыр мен өт қабының көптеген ауруларының алдын алу үшін қолданылады. Несеп айдау әсері бар.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген

Шығару нысаны
60 капсула
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 3 капсуладан
Құрамы
  • Хлороген қышқылына қайта есептегендегі гидроксикорикалық қышқылдардың қосындысы – 10 мг,
  • танинге қайта есептегендегі илік заттектер – 13,6 мг

Көзі: Бөрікгүл жапырақтарының құрғақ сығындысы – 300 мг

Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы, жүктілік, бала емізу

Ұсынылатын бағасы

60 капсула: 10 450,72 ₸

Сондай-ақ Сізге мыналар ұнауы мүмкін

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз