D3 дәрумені бар кальций – магний

“D3 дәрумені бар кальций-магний” таблеткалары D3 дәрумені, кальций және магний көзі ретінде ұсынылады. “D3 дәрумені бар кальций-магний” құрамында кальций мен магнийдің цитрат (хелат) нысаны бар. Кешеннің құрамындағы кальций мен магний оңтайлы 2:1 қатынасында болып табылады. Кальций, D3 дәрумені және магний сүйек тінін нығайтуға және остеопороздың алдын алуға, балтыр бұлшықеттерінің құрысуын азайтуға ықпал етеді және жүрек-қан тамырлары жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.

Фармакологиялық әсері:

Кальций мен магний сүйек тінінің минералдануы мен тығыздығына айтарлықтай әсер етіп, сүйек тінінің негізін құрайды. Сонымен қатар, магний D дәруменінің метаболизмін реттейді, ол өз кезегінде фосфор-кальций алмасуын реттеуге, сүйек тінін минералдандыруға және кальций гомеостазын сақтауға қатысады.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
150 таблетка
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 1-2 рет 1 таблеткадан
Құрамы
  • Кальций (кальций цитраты) – 200 мг,
  • Магний (магний оксиді, магний цитраты) – 100 мг,
  • D3 дәрумені (холецальциферол) – 80 МЕ
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Дәрігердің ұсынымы бойынша және оның бақылауымен қабылдау. Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы

Ұсынылатын бағасы

150 таблетка: 12 273,52 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз