Эстер-С плюс С дәрумені

“Эстер-С плюс С дәрумені 500 мг” капсулалары табиғи құрамға ие және құрамында цитрус флавоноидтары (лимон, апельсин, грейпфрут, лайм, мандарин), ацерола жемістері, итмұрын жемістері бар. Эстер-С – С дәруменінің патенттелген формуласы. Әдеттегі С дәруменімен салыстырғанда Эстер-С тез ағзаға сіңеді, белсенділікті ағзада ұзақ сақтайды және асқазанның шырышты қабығын тітіркендірмейді.

Фармакологиялық әсері:

С дәрумені адам ағзасында синтезделмейді және тамақпен бірге келуі керек, өйткені ол көптеген биохимиялық реакциялар мен қорғаныс тетіктерін реттеуші болып табылады. С дәрумені нейромедиаторлар – норепинефриннің, серотониннің, сондай-ақ холестериннен өт қышқылдарының синтезінде маңызды рөл атқарады, антиоксидант болып табылады, коллаген, карнитин, гормондар мен амин қышқылдарының синтезіне қатысады, сүйектер мен қан тамырларының денсаулығы үшін қажет, иммундық жүйенің жұмысын қолдайды және темірдің сіңуін жеңілдетеді.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
50 капсула
100 капсула
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 1 капсуладан.
Құрамы
  • С дәрумені – 500 мг,
  • Рутин – 5 мг

Көздері:

  • Цитрустық биофлавоноидтар – 25 мг,
  • Ацерола (жемістер) – 10 мг,
  • Итмұрын (жемістер) – 10 мг
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн.

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы, жүктілік, бала емізу.

Ұсынылатын бағасы

50 капсула: 9 721,60 ₸

100 капсула: 16 902,85 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз