Фолий қышқылы

Фолий қышқылы (B9 дәрумені) В тобының суда еритін дәрумені болып табылады. Фолий қышқылының жетіспеушілігі – ең көп кездесетін дәрумен жетіспеушілігінің бірі. Фолий қышқылы ақуыз алмасуында, өсу және даму процестерінде маңызды рөл атқарады. Бауырдағы май алмасуына, холестерин және бірқатар дәрумендердің алмасуына оң әсер етеді. Фолий қышқылы репродуктивті жастағы әйелдердің денсаулығын сақтауда ерекше орын алады, өйткені жүктілік кезіндегі оның жетіспеушілігі мерзімінен бұрын босануға және кейіннен баланың физикалық және ақыл-ойының артта қалып қоюына әкелуі мүмкін.

Фармакологиялық әсері:

Фолий қышқылы ағзада болатын көптеген алмасу процестеріне, соның ішінде нуклеин қышқылдарының синтезіне, ақуыздардың алмасуына, қан жасушаларының түзілуіне қатысады. Фолий қышқылын ең алдымен әйелдерге жүктілікті жоспарлау кезеңінде және бірінші триместрде ұрықта жүйке түтігінің дамуындағы ақаулардың алдын алу мақсатында қабылдау қажет.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
100 таблетка
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 1 таблеткадан
Құрамы
  • Фолий қышқылы – 400 мкг
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы

Ұсынылатын бағасы

100 таблетка: 6 700,96 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз