Глюкозамин-Хондроитин плюс

«Глюкозамин-Хондроитин плюс» таблеткалары С дәрумені, марганец, глюкозамин, хондроитин сульфатының қосымша көзі ретінде ұсынылады. Глюкозамин мен хондроитин шеміршек тінінің негізгі компоненттері болып табылады. Глюкозамин мен хондроитинді бірге қабылдау буын шеміршегін қалпына келтіруге және оның одан әрі бұзылуының алдын алуға, буындар ширақтығын жақсартуға көмектеседі.

Фармакологиялық әсері:

Глюкозамин буындық беттерді, сіңірлерді, буын аралықтарды, синовиальды сұйықтықты, сүйек тінін қалыптастырады. Хондроитиннің ерекшелігі оның шеміршек тінінің азғындауын бәсеңдету қабілеті болып табылады, ол дәнекер тінінің беріктігін арттыруға ықпал етіп, белгілі бір дәрежеде коллагеннің қалыптасуына негіз болады. Хондроитиннің дәнекер тінді бұзатын өзгеше ферменттердің әсерін басу қабілеті бар.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
75 таблетка
150 таблетка
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 2 рет 1 таблеткадан
Құрамы
  • Глюкозамин сульфаты – 500 мг,
  • Хондроитин сульфаты – 500 мг,
  • С дәрумені (кальций аскорбаты) – 100 мг,
  • Кальций (кальций аскорбаты) – 12 мг,
  • Марганец (марганец глицинат хелаты) – 1 мг.
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы, жүктілік, бала емізу

Ұсынылатын бағасы

75 таблетка: 23 216,11 ₸

150 таблетка: 42 688,24 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз