Кальций 600

«Кальций 600» таблеткалары D дәрумені мен кальцийдің қосымша көзі ретінде ұсынылады. Кальций сүйек тығыздығы мен беріктігінің төмендеуімен сипатталатын остеопороздың алдын алуға ықпал етіп, қанның ұю процесіне және жүрек қызметін сақтауға, сондай-ақ жүйке импульстарының берілу процесіне қатысады. «Кальций 600» әр таблеткасындағы кальций мен D дәруменінің оңтайлы тәуліктік мөлшері өнімді күніне 1 рет қабылдауға мүмкіндік береді. «Кальций 600» ең алдымен 30 жасқа дейінгі адамдарға ұсынылады.

Фармакологиялық әсері:

Кальций адам үшін аса маңызды минералдардың бірі болып табылады, бұл ретте ағзадағы барлық кальцийдің 99 %-ы сүйек пен шеміршек тіндерінде кездеседі, ал кальцийдің тек 1%-ы жұмсақ тіндердің жасушаларында және жасушадан тыс сұйықтықта болады. Кальций қанның ұю жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, тұрақты жүрек қызметін сақтау, жүйке импульстарының берілу процестерін жүзеге асыру үшін қажет. 300 МЕ мөлшерлемесіндегі D3 дәрумені ағзадағы кальцийдің қолжетімділігі мен сіңуін арттырады.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
60 таблетка
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 1 таблеткадан
Құрамы
  • Кальций (устрицалар қабыршағынан алынатын кальций карбонаты) – 600 мг,
  • D3 дәрумені (холецальциферол) – 300 МЕ
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Дәрігердің ұсынымы бойынша және оның бақылауымен қабылдау. Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы. Қолданар алдында дәрігерден кеңес алу ұсынылады

Ұсынылатын бағасы

60 таблетка: 6 822,48 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз