Кешкі наурызгүл майы 1300 мг

“Кешкі наурызгүл майы 1300 мг” – Омега-6 полиқанықпаған май қышқылдарының (линол және гамма-линолен қышқылдары), Е дәруменінің қосымша көзі ретінде ұсынылады, “Кешкі наурызгүл майы 1300 мг” әйел ағзасындағы эстроген деңгейін реттейді, етеккір циклын қалыпқа келтіруге және етеккір алдындағы кезеңнің ағымын жеңілдетуге көмектеседі. Етеккір алдындағы кезеңде және етеккір үзілген кезде әйелдің сыртқы келбеті мен өзін-өзі сезінуіне оң әсер етеді.

Фармакологиялық әсері:

Кешкі наурызгүл майы жыныстық гормондардың деңгейі төмендеген кезде әйелдердегі гормоналды функцияларды қалпына келтірудің бірегей құралы болып табылады.
Тұрақты қолданған кезде сол арқылы гормоналды сипаттағы бұзылуларды қалпына келтіріп, жыныстық гормондардың синтезін арттыруға көмектеседі. Кешкі наурызгүл майын қабылдау етіккір алдындағы синдромның (ЕАС) белгілерін жұмсартуға, тұрақты етеккір циклын қалпына келтіруге, климакстың өтуін жеңілдетуге ықпал етеді.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
30 капсула
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 2 рет 1 капсуладан
Құрамы
  • Е дәрумені – 10 мг,
  • Линол қышқылы – 949 мг,
  • Гамма-линолен қышқылы (омега-6) – 117 мг
    Көзі: Кешкі наурызгүл тұқымдарының майы – 1300 мг
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы, жүктілік, бала емізу. Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Ұсынылатын бағасы

30 капсула: 11 446,03 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз