L-Глутамин таблеткалары 1000 мг 60 дана

«L-Глутамин 1000 мг» таблеткалары тағамдарға биологиялық белсенді қоспа – L-глутамин көзі ретінде ұсынылады. L-Глутамин амин қышқылы «ішек өтімділігі факторы» ретінде белгілі, кешенді терапияда асқазанның ойық жаралары, гастрит, геморрой және айналшық сызаты кезінде асқазан мен ішектің шырышты қабығын жазуға және қалпына келтіруге ықпал етеді. L-Глутамин ноотропты әсерге ие болып, есте сақтауды, зейін қою қабілетін, еңбек қабілеттілігін жақсартуға көмектеседі. Спортпен шұғылдану кезінде L-Глутамин бұлшықет тінінің қалыптасуына қатысып, бұлшықет қоректенуін жақсартады. Глутаминнің L-нысаны тез игерілуге, асқазан-ішек жолында жайсыздықтың болмауына ықпал етеді.

Фармакологиялық әсері:

L-глутамин – шартты түрде алмастырылмайтын және адам ағзасында кең таралған амин қышқылы. Стресс немесе шамадан тыс жүктеме кезінде глутаминге қажеттілік артады және ағза синтездейтін глутаминнің мөлшері жеткіліксіз болады.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
60 таблетка
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 1 таблеткадан
Құрамы
  • L-глутамин 1000 мг
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы, жүктілік, бала емізу

Ұсынылатын бағасы

60 таблетка: 11 104,61 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз