«Мульти-ONE» кешенін қосымша қабылдау тамақтану рационын байытуға және ағзаның қоректік заттарға деген қажеттілігін толтыруға мүмкіндік береді. Әсіресе «Мульти-ONE» белсенді өмір салтын ұстанатын, жоғары психикалық, физикалық және психологиялық жүктемелерді бастан кешіріп жүрген, күйзелістік жай-күйдегі, В тобындағы дәрумендерге мұқтаж адамдарға өте қажет. SOLGAR-дың «Мульти-ONE» тек табиғи компоненттерден, қант, крахмал, ашытқы, глютен, синтетикалық консерванттар мен хош иістендіргіштерсіз өндіріледі.
Фармакологиялық әсері:
«Мульти-ONE» құрамына мұқият іріктелген табиғи компоненттер ғана кіреді, бұл оның жоғары сапасын куәландырады: – табиғи дәрумендер (С, Е, D, бета-каротин, В1, В2, В3 (ниацин), В4 (холин), В5 (пантотен қышқылы), В6, В7 (биотин), В8 (инозит), В9 (фолий қышқылы), В12); -цитрустық биофлавоноидтар кешені; – оңай сіңетін органикалық нысандағы минералдар (кальций, магний, мырыш, темір, мыс, бор, марганец, селен, хром, йод); – өсімдік компоненттері (ақжелкен, су кресі, ацерола жемістерінің сығындысы, итмұрын жемістері). «Мульти-ONE» кешенін қосымша қабылдау тамақтану рационын байытуға мүмкіндік береді және әсіресе белсенді өмір салтын ұстанатын, жоғары психикалық, физикалық және психологиялық жүктемелерді бастан кешіріп жүрген, күйзелістік жай-күйдегі, В тобындағы дәрумендерге мұқтаж адамдарға өте қажет.
Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.