Мырыш хелаты

«Мырыш хелаты» таблеткалары қосымша мырыш көзі ретінде ұсынылады. Мырыш иммунитетті қолдауға, ағзаның сыртқы факторларға төзімділігін арттыруға, антиоксидантты қорғауға ықпал етеді. Мырышты қосымша қабылдау май бездерінің қызметін реттеуге және терідегі майлы жылтырды азайтуға мүмкіндік береді. Мырыш терінің, шаштың және тырнақтың сұлулығын қолдауда маңызды рөл атқарады.«Мырыш хелаты» таблеткаларының құрамында органикалық нысандағы мырыш бар, ол био қолжетімділігіне әсер етеді және асқазан-ішек жолының жанама әсерлерінің пайда болу қаупін азайтады.

Фармакологиялық әсері:

Мырыш ағзада синтезделмейтін адам үшін маңызды микроэлементтердің бірі болып табылады. Мырыш иммунитетті қолдауға, ағзаның сыртқы факторларға төзімділігін арттыруға, антиоксидантты қорғауға ықпал етеді. Бұл минерал ақуыз, көмірсулар алмасуына қатысады. Ол гормоналды және жүйке жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. Мырыш коллаген синтезіне қатысады.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
100 таблетка
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 1 таблеткадан
Құрамы
  • Мырыш (мырыш глицинаты) – 22 мг
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы, жүктілік, бала емізу

Ұсынылатын бағасы

100 таблетка: 10 120,88 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз