Негізгі амин қышқылдарының кешені капсулалары

“Негізгі амин қышқылдарының кешені” капсулалары амин қышқылдарының қосымша көзі ретінде ұсынылады. Кешен құрамында 8 алмастырылмайтын амин қышқылы бар, олар ағзаның негізгі құрылыс элементі – ақуыздың, оның ішінде тері мен сүйек тінін қалпына келтіруге ықпал ететін коллаген мен эластиннің түзілу процесіне қатысады. Амин қышқылдары еркін L-түрінде болады, бұл олардың тез және тиімді сіңуін қамтамасыз етеді. Өнім тұз, қант, глютен және ықтимал аллергендер қосылмай өндіріледі.

Фармакологиялық әсері:

Амин қышқылдары – ағзаның барлық ақуыздарының құрылымдық компоненттері. Амин қышқылдары ферменттерді, гормондарды, ағзаның барлық мүшелері мен тіндерін синтездеу үшін қажет. Синтез және регенерация процестерін ағза үнемі жүзеге асыратындықтан, оның қалыпты жұмыс істеуі үшін алмастырылмайтын амин қышқылдарының барабар деңгейін, тепе-теңдігін және жеткізілуін қамтамасыз ету қажет.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
30 капсула
90 капсула
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 3 рет 2 капсуладан
Құрамы
  • L-гистидин – 75 мг,
  • L-изолейцин – 75 мг,
  • L-лейцин – 75 мг,
  • L-лизин – 75 мг,
  • L-метионин – 75 мг,
  • L-фенилаланин – 75 мг,
  • L-треонин – 75 мг,
  • L-валин – 75 мг
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы, жүктілік, бала емізу, фенилкетонурия. Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Ұсынылатын бағасы

30 капсула: 9 299,17 ₸

90 капсула:

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз