Неронутриентс

“Неронутриентс” капсулалары С, В1, В2, В6 дәрумендерінің, ниациннің, глутаминнің қосымша көзі ретінде ұсынылады. “Неронутриентс” – дәрумендер мен Гинкго Билоба жапырақтарының сығындысы бар еркін түрдегі амин қышқылдарының кешені, ол мидың жұмысын жақсартуға, зейін қою мен есте сақтау қабілеттерінің шоғырлануын арттыруға, мазасыздық, ашушаңдық және шаршау сезімдерін азайтуға ықпал етеді.

Фармакологиялық әсері:

Есте сақтау қабілеті мен оқу қабілетін жақсартуға ықпал ететін амин қышқылдары (L-фенилаланин, L-тирозин және L-глутамин). В тобының дәрумендері (В1, В2, ВЗ және В6), олар ми қызметін ынталандырады, есте сақтау қабілетін жақсартады, үрей мен қорқыныш сезімін азайтады, ұйқы бұзылған кезде көмектеседі. Холин және лецитин – мидың маңызды құрылыс элементтері. Осы заттардың тапшылығы күйгелектікке, шаршағандыққа, есте сақтау қабілеті мен көңіл тоқтату қабілетінің нашарлауына әкеп соғады. “Неронутриентс” кешенінің құрамына кіретін гинко билоба жапырақтарының сығындысы мидағы қан айналымын және миды оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз етуді жақсартады.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
30 капсула
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 1 капсуладан
Құрамы
  • С дәрумені – 100 мг,
  • В6 дәрумені – 2,5 мг,
  • В3 дәрумені – 5 мг,
  • В1 дәрумені – 5 мг,
  • В2 дәрумені – 5 мг,
  • L-глутамин – 167 мг,
  • L-тирозин – 167 мг,
  • L-фенилаланин – 167 мг,
  • Фосфатидилхолин – 5,94 мг,
  • Гинкго билоба флавоногликозидтері – 1 мг,
  • Холин (холин битартраты) – 41 мг
  • Қосымша ингредиенттер: Соя лецитині – 33 мг, Гинкго билоба жапырақтарының сығындысы – 7 мг
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы, фенилкетонурия

Ұсынылатын бағасы

30 капсула: 10 323,41 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз