Норвегиялық нәлім бауырының майы

“Нәлім бауырынан алынған май” капсулалары А және D дәрумендерінің, омега-3 полиқанықпаған май қышқылдарының қосымша көзі ретінде ұсынылады. А дәрумені иммунитетті нығайтуға, коллаген синтезіне, көру қабілетін қорғауға, жараларды емдеуге ықпал етеді. D дәрумені сүйек тінін нығайтуда, остеопороздың даму қаупін төмендетуде, ағзаның инфекцияларға төзімділігін арттыруда, ағзадағы “қуаныш гормоны” серотонин деңгейінің жоғарылауында маңызды рөл атқарады. “Нәлім бауырынан алынған май” өнімін өндіруде молекулалық дистилляция әдісі қолданылады, бұл нәлім құрамындағы ауыр металдардың қоспаларын кетіруге мүмкіндік береді.

Фармакологиялық әсері:

Тері зақымданған кезде (жаралар, күнге күю) А дәрумені жазылу процестерін жеделдетеді, сондай-ақ коллаген синтезіне ықпал етеді, жаңадан пайда болған тіндердің сапасын жақсартады. А дәрумені ағзаның инфекцияларға төзімділігін арттыруды қамтамасыз ететін күшті антиоксиданттарға жатады. D дәрумені А дәрумені секілді ағзадағы көптеген процестерге қатысады.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
100 капсула
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 3 рет 1 капсуладан
Құрамы
  • А дәрумені (ретинил пальмитаты) – 1250 МЕ,
  • D3 дәрумені (холекальциферол) – 135 МЕ,
  • Омега-3 ПҚМҚ – 100 мг
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Жүкті және бала емізетін әйелдерге дәрігердің ұсынымы бойынша және оның бақылауымен қабылдау

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы

Ұсынылатын бағасы

100 капсула: 6 770,40 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз