Нутрикоэнзим Q-10

“Нутрикоэнзим Q-10” капсулалары Q-10 коэнзимінің қосымша көзі ретінде ұсынылады. Коэнзим Q10 ағзаны бос радикалдардың теріс әсерінен қорғауға ықпал етеді, ерте қартаюға жол бермейді және жүрек-қан тамырлары жүйесіне жағымды әсер етеді. “Нутрикоэнзим Q-10” Q-10 коэнзимінің дәстүрлі түрлерімен салыстырғанда даусыз артықшылыққа ие. “Нутрикоэнзим Q-10” патенттелген Нутри-Нано™ нано-технологиясы бойынша өндіріледі, ол оның сіңуін, тиісінше, Q-10 коэнзимінің тиімділігін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді.

Фармакологиялық әсері:

Коэнзим Q10 бірегей майда еритін антиоксидант, ол ағзадан эндогенді түрде синтезделеді және жасушаның энергетикалық әлеуетінің қажетті компоненті болып табылады. Коэнзим Q10 майда еритін зат болғандықтан, оның сіңуі аш ішекте өтпен алдын ала майғындалудың және құрамында ішек жасушаларына енетін мицеллалардың пайда болуының міндетті кезеңімен жүреді. Q10 коэнзимінің сіңу тиімділігі өтпен майғындалу дәрежесіне, мицеллалардың майғындаудан кейін пайда болатын мөлшеріне және басқа да бірқатар факторларға байланысты.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
50 капсула
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 1 капсуладан
Құрамы
  • Нутри-Нано™: Коэнзим Q-10 (Убихинон) – 30 мг
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы, жүктілік, бала емізу

Ұсынылатын бағасы

50 капсула: 21 306,51 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз