Солгардың шайнайтын алтын балықтары

«Солгар алтын балықтары» балаларға арналған шайнау капсулалары Омега-3 полиқанықпаған май қышқылдарының (эйкозопентаендік және докозагексаендік қышқыл) және Е дәруменінің қосымша көзі ретінде ұсынылады. Докозагексаендік қышқыл (ДГҚ) – жасуша мембраналарының құрылыс блоктары болып табылатын бас миы фосфолипидтерінің құрамындағы басты май қышқылы. «Солгар алтын балықтары» жағымды дәмге ие, құрамында қант, тұз, крахмал, ашытқы, дәнмаңыз, сүт компоненттері мен синтетикалық қоспалар жоқ, ауызда балықтың дәмін қалдырмайды.

Фармакологиялық әсері:

Докозагексаендік қышқыл (ДГҚ) – жасуша мембраналарының құрылыс блоктары болып табылатын бас миы фосфолипидтерінің негізгі компоненті. Ми жасушаларында ДГҚ оңтайлы мөлшері сабырлықты сақтауға, балалардағы қозуды, эмоционалды ашушаңдық пен қызбалықты азайтуға көмектеседі. Сондай-ақ ДГҚ қосымша қабылдау ақыл-ой қабілетін арттыруға, зейін қою мен есте сақтауды жақсартуға көмектеседі.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
90 шайнау капсуласы
Қолдану бойынша ұсынымдар
4 жастан бастап балаларға тамақтану кезінде күніне 2 рет 2 капсуладан
Құрамы
  • Эйкозапентаендік қышқыл (ЭПҚ) – 25 мг,
  • Докозагексаендік қышқыл (ДГҚ) – 100 мг,
  • Е дәрумені – 0,9 мг
    Көзі: Балық майы – 525 мг
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Дәрігердің ұсынымы бойынша және оның бақылауымен қабылдау

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы. Қолданар алдында педиатр дәрігерден кеңес алу керек

Ұсынылатын бағасы

90 шайнау капсуласы: 18 164,35 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз