Тағамдық талшық мульти формуласы

“Тағамдық талшық мульти формуласы” капсулалары құрамында ерімейтін тағамдық талшықтар бар еритін тағамдық талшықтардың қосымша көзі ретінде ұсынылады. “Тағамдық талшық мульти формуласы” құрамына сұлы кебектері, алма пектині, грейпфрут пектині, зығыр дәнінен жасалған ұн, жолжелкен тұқымдарының қабығы кіреді, олар ішектің жұмсақ тазартылуына ықпал етіп, ағзаға кешенді әсер ететін еритін және ерімейтін тағамдық талшықтардың көзі болып табылады, ас қорыту жолындағы шірік процестердің дамуына жол бермейді, асқазанда көлемінің ұлғаюы есебінен тоқ болу сезімін арттырып, тәбетті бәсеңдетуге ықпал етеді.

Фармакологиялық әсері:

Тағамдық талшықтар ішек микрофлорасының сау балансын ұстап тұру үшін қажет. Сонымен қатар, тағамдық талшықтардың сіңіру қасиеті бар. Олар ауыр металдарды, артық холестеринді, тамақ қалдықтарын байланыстырады және ағзадан шығарады. Сондай-ақ тағамдық талшықтар асқазандағы көлемнің ұлғаюына байланысты тәбетті басады, тоқ болу сезімін арттырады және салмақты бақылауға көмектеседі, ішектің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді – оның моторикасын ынталандырып, іш қатудың дамуына жол бермейді.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
120 капсула
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 4 рет 3 капсуладан
Құрамы
  • Еритін тағамдық талшықтар – 228 мг,
  • Ерімейтін тағамдық талшықтар – 210 мг
    Көздері:
  • Сұлы кебектері – 100 мг,
  • Алма пектині – 100 мг,
  • Грейпфрут пектині – 100 мг,
  • Зығыр дәнінен жасалған ұн – 100 мг,
  • Жолжелкен тұқымдарының қабығы – 100 мг
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы, жүктілік, бала емізу

Ұсынылатын бағасы

120 капсула: 12 134,64 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз