Таңқурай дәмі бар С 500 дәрумені

“Таңқурай дәмі бар С дәрумені 500 мг” шайнау таблеткалары С дәруменінің қосымша көзі ретінде ұсынылады, “Таңқурай дәмі бар С дәрумені 500 мг” өнімінің құрамына С дәрумені мен С дәруменінің әсерін күшейтетін биофлавоноидтардың қосымша көзі ретінде ацерола жемісі мен итмұрын жемісінің сығындысы кіреді. SOLGAR-дың С дәрумені бар шайнау таблеткалары таблеткалар мен капсулаларды жұту қиынға соғатын адамдарға аса ыңғайлы. Өнімнің табиғи тәтті дәмі бар және ауызда жағымды дәм қалдырады.

Фармакологиялық әсері:

С дәрумені антиоксидантты әсерге ие, ағзаның инфекцияларға төзімділігін арттыруға, коллаген синтезіне, қан тамырларының қабырғаларын нығайтуға, қызыл иектің қан кетуін және көгерудің пайда болуын азайтуға ықпал етеді. Адам ағзасы С дәруменін өздігінен синтездей және сақтай алмайды, сондықтан оны тамақпен бірге алу керек. Сол себепті ағзаға С дәрумені жеткілікті мөлшерде қабылдау оның қорғаныс функцияларына оң әсер етеді. Оның лейкоциттердегі жасушаішілік концентрациясы әсіресе жоғары.

Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.

Шығару нысаны
90 таблетка
Қолдану бойынша ұсынымдар
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 1 таблеткадан
Құрамы
  • С дәрумені (натрий аскорбаты, L-аскорбин қышқылы, кальций аскорбаты) – 500 мг

Қосымша ингредиенттер:

  • Ацерола сығындысы-10 мг
  • Итмұрын – 4 мг
Қосымша ақпарат
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн

Қарсы көрсетілімдері

Өнім компоненттерінің жеке адамдарға жақпауы, жүктілік, бала емізу

Ұсынылатын бағасы

90 таблетка: 10 178,75 ₸

Пікірлер

Пікір қалдырған алғашқы адам болыңыз