«Тері, тырнақ, шаш» таблеткалары қосымша күкірт, С дәрумені, мырыш және мыс көзі ретінде ұсынылады. «Тері, тырнақ, шаш» кешенінің негізін МСМ (метилсульфонилметан) – органикалық күкірт көзі, кератиннің негізгі компоненті (шаш пен тырнақтың құрылыс элементі), сондай-ақ коллаген (тері негізі) құрайды. Теңдестірілген құрам терінің серпімділігі мен шымырлығын сақтауға, УК-сәулелердің зиянды әсерінен қорғауға, сондай-ақ май бездерінің қызметін реттеуге, шаш пен тырнақты нығайтуға мүмкіндік береді.
Фармакологиялық әсері:
“Күкірт (МСМ) кератиннің (шаш пен тырнақтың негізгі құрылыс элементі), сондай-ақ коллагеннің (дермистің негізін құрайды) құрылыс компоненті болып табылады. Сонымен қатар, МСМ ең күшті антиоксиданттардың бірі – глутатион синтезіне қатысады.
Мырыш шаштың түсуіне жол бермейді, коллаген синтезіне қатысады, майлы жылтырды жеңуге және терінің күйін жақсартуға көмектесіп, май бездерінің қызметін реттейді. Мыс теріні УК-сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. С дәрумені, L-лизин және L-пролин амин қышқылдары коллагеннің түзілуіне қатысады, терінің серпімділігі мен шымырлығын сақтап, оның жасқа байланысты өзгерістерін баяулатуға көмектеседі.
Өндірілетін ББҚ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.