Қазіргі әлемде стресспен қалай күресуге болады?

5 минутоқу

Стресс дегеніміз не?

Стресс – бұл біздің ағзаны тепе-тең күйден шығаратын кез келген сыртқы немесе ішкі әсер. Ежелгі заманнан бері бұл механизм бізге түрдің тірі қалуы және сақталуы үшін берілген.

Стресс – бұл психологиялық және эмоциялық қысымға төтеп бере алмау мен жабырқану сезімі. Көбінесе стресс біз жағдайды басқара алмайтынымызды түсінген кезде басталады. Міндеттер, ойлар, эмоциялар соншалықты көп болып, жүйке жүйесі мен дене оларды жеңе алмай қалады. Қарапайым мысал: адам жаңа жұмысқа ауысады. Айналасында толған бейтаныс адамдар, көптеген ақпарат және қомақты істер тізімі. Ал мұндай өзгерістерге бейімделу қиын болса, стресс пайда болады.

Жаман және жақсы стресс.

Дистресс – стресстің жағымсыз түрі. Ол адам қандай да бір өмірлік жағдайға бейімделе алмаған кезде болады. Нәтижесінде кортизол гормоны өндіріледі, ол барлық ағза жүйелерінің жұмысына әсер етеді және, мысалы, әлсіздікке, ұйқысыздыққа, асқазан-ішек жолдары мен жүрек проблемаларына әкелуі мүмкін.

Эустресс – пайдалы стресс. Ол адам өзгерістерге оңай бейімделген кезде пайда болады. Эустресс когнитивтік функцияларды белсендіреді – шешімді жылдам қабылдауға, өнімді жұмыс істеуге және шығармашылық идеяларды табуға көмектеседі. Нәтижесінде адам күтпеген жағдайларға бейімделіп қана қоймайды, сонымен қатар жігер мен қанағат алады.

Стресспен күресу туралы айтқанда, біз осы дистрессті ойға аламыз.

Дистрессті келесі белгілер білдіреді:

  • мазасыз ұйқы;
  • бұлшықет треморы (көз, жақ, ауыз бұрышы тартады, саусақтар дірілдейді);
  • бейсаналық немесе транс күйінде болу, ұзақ уақыт теледидар қарау немесе приставка ойнау ниеті;
  • ұйқыны қандыруға және сананы өзгертуге көмектесетін заттарды, мысалы, алкогольді қолдануға тұрақты ұмтылу;
  • әртүрлі ағза жүйелерінің дисфункциясы: ас қорыту қиындайды, тәбет жоғалады, ашушаңдық күшейеді, бас ауруы және жыныстық дисфункция басталады;
  • суық тию алты айда бір реттен жиі болады.

Стресс созылмалы болса, адам таңдану, елжіреу және сұлулықты тамашалау қабілетін жоғалтады. Ол адамдардан және әлемнен жасырынып, өз ойлары мен уайымдарына енгісі келеді. Бұл жалтаруға деген ұмтылыс – көптеген өзгерістерге бейімделуге тырысатын тозған адамның қорғаныс реакциясы. Ал өзгерістер соншалықты көп, оларды жеңу мүмкін емес.

Жүйке жүйесінің түріне қарай стресске реакциялар әртүрлі болады. Кейбір адамдар өзін-өзі құртады, басқалары басқаларды құртады, үшіншілері проблемалардан қашады, ал төртіншілері ызаланады.

Стрессті қалай болдырмауға болады?

Осындай әрекеттер жасағанда, стресске ұшырау ықтималдығы аз:

  • толыққанды және дұрыс тамақтану;
  • сағат 22.00 мен 5.00 аралығында ұйықтау, мұндай режим тамаша демалысты және ми, жүрек пен теріні жас және сергек ұстайтын гормондардың өндірілуін қамтамасыз етеді;
  • жүйелі түрде қозғалу, жаяу жүру және әртүрлі бұлшықет топтарына арналған қысқа функционалдық жаттығулар жасау;
  • сүйікті іс-әрекеттерге, табиғатта және ашық кеңістікте, мысалы, теңіз жағасында серуендеуге уақыт табу;
  • айналадағы жағдайды кемінде жылына екі рет немесе одан да жиі 14 күнге өзгертіп тұру;
  • үнемі өзіңізге сүйкімді және сізді жақсы көретін адамдармен бірге болу;
  • медитациямен айналысу – бұл қайта қалпына келудің және сананы мазасыз ойлардан тазартудың тиімді әдісі.
  • Күнделікті нутриентті қолдау.

Өзіңізді жағымсыз ақпараттан қорғаңыз.

Жаңалықтар арналарының көбісі күшті эмоциялар тудыру арқылы аудиториясын ұстап тұрады: таңдану мен шок, алаңдаушылық пен қорқыныш, ашулану және ызалану. Ал кез келген күшті эмоция – бұл қашан да стресс. Соңғы екі жылда коронавирус туралы жаңалықтардың кесірінен көп адамдарда тағы бір алаңдаушылық себебі пайда болды. Ауырып шыққандардың көбісі реакциялардың баяулауы, ойлаудың тежелуі, эмоциялық-еріктік саласындағы өзгерістер туралы айтады. Ал коронавирустың психика мен жүйке жүйесіне әсері әлі зерттелмеген болса (әзірше деректер аз), жағымсыз жаңалықтардың әсері әлдеқашан зерттелген.

Стресстің салдары:

Стресс көптеген аурулардың білінуі мен өршуінің негізгі қауіп факторы болып табылады.

Ең алдымен, стресс жүрек-қан тамырлары аурулары (гипертония, стенокардия, миокард инфарктісі), асқазан-ішек жолдарының аурулары (гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы) сияқты патологиялық жағдайлардың дамуына және білінуіне ықпал етеді. Стресске ұшырағыштық иммунитетті айтарлықтай төмендетеді.

Физиологиялық (қалыпты) деңгейден жоғары стресс гормондарының теріс салдары гормоналды өзгерістерге әкелуі мүмкін, кортизолдың жоғары деңгейімен басқа гормондардың жұмысы тоқтатылады немесе тіпті бұғатталады, сонымен қатар инсулин секрециясының төмендеуіне («стероидті» қант диабеті), ми мен жұлын жасушаларының дегенерациясына, өсуді кешіктіруге әкеледі және т.б.

Магний, В топтарының дәрумендері, мырыш, калий, селен, алмастырылмайтын амин қышқылдары және жоғары сапалы ақуыз жетіспейтін адамдар стресске неғұрлым ұшырағыш.

Осы нутриенттерді қосымша қабылдау жоғары эмоциялық ауырлық түскен кезде жүйке жүйесін қолдауға көмектеседі.

 

 

Инновация от экспертов Solgar для ежедневной поддержки психо-эмоционального состояния и здоровья нервной системы рекомендуется к приему добавка «Дневной стресс-контроль» – это уникальный комплекс запатентованного стандартизированного экстракта Родиолы розовой – Rhodiolife* и витаминов группы В натурального происхождения Panmol* B-Complex.

Solgar сарапшыларының инновациясы жүйке жүйесінің психоэмоциялық жағдайы мен денсаулығын күнделікті қолдау үшін «Күнделікті стрессті бақылау» қоспасын –Қызғылт семізоттың патенттелген стандартталған сығындысы Rhodiolife * және табиғи шығарылған В топтары дәрумендері Panmol* B-Complex бірегей кешенін ұсынады.

«Күнделікті стрессті бақылау» кешенін қабылдау дәл осындай жағдайларға жарайды:оның компоненттері жүйке жүйесінің жұмысын, оның стресс факторларына төзімділігін қолдайды және де ұйқыны қорғайды!

Күнделікті стрессті бақылау:

  • Ағзаның жүктемелерге төзімділігін арттырады;
  • Психологиялық және физикалық стрессті жеңуге көмектеседі;
  • Стресстен туындаған психологиялық шаршауды азайтады;
  • Тыныштықты сақтайды;
  • Энергетикалық алмасуды және жүйке жүйесінің денсаулығын қолдайды.

Сонымен қатар, стресс пен уайым өмірден ләззат алуға кедергі жасамауы үшін, магнийдің көмегімен жүйке жүйесінің төзімділігін сақтау қаншалықты маңызды екенін еске саламыз.

 

 

SOLGAR ұсынған «Магний цитраты» жүйке жүйесінің және жалпы ағзаның стресске қарсы табиғи қолдауына ықпал етеді.

Ұсынылатын норма – 1 таблеткадан күніне 2 рет тамақпен бірге.

Бұл рациондағы минералдың жетіспеушілігін толтырады (400 мг – ересек адамның орташа тәуліктік қажеттілігінің 100%).

“Магний цитратын” осындай кездерде қабылдауға болады:

  • когнитивтік функцияларды сақтау қажеттілігі, соның ішінде жоғары психоэмоциялық жүктеме кезеңдерінде жады мен зейінді қолдау қажеттілігі;
  • бұлшық еттер құрысуының, тарылудың және бас сақинасының білінуі;
  • стресске төзімділік деңгейінің төмендеуі.

 

 

«Неронутриентс» капсулалары С, В1, В2, В6 дәрумендерінің қосымша көзі, ниацин, глютамин көзі ретінде ұсынылады. «Неронутриентс» – ми жұмысын жақсартуға, зейін қоюдың және жадының арттуына, алаңдаушылық, ашушаңдық пен шаршау сезімін азайтуға көмектесетін Гинкго Билоба жапырақтарының сығындысы бар еркін түрдегі дәрумендер мен амин қышқылдарының кешені.

 

Стресстен кейінгі қалпына келу кезеңіндегі ннутриентті қолдау бірнеше аспектіні қамтуы тиіс:

Жүйке жүйесін және оның жағымсыз факторларға төзімділігін қолдау.

SOLGAR «Күнделікті стрессті бақылау» стресске төзімділікті арттырады.

SOLGAR «Магний цитраты» жүйке жасушаларының құрылымы мен қызметін сақтайды.

SOLGAR «Неронутриентс» зейін қою мен жадыны қолдау үшін нейромедиаторлар синтезін реттейді.

 

 

 

 

Егер Сізде өнім бойынша сұрақтарыңыз қалса-Solgar мамандары Сізге қуана-қуана кеңес береді

(жұмыс күндері 09:00-18:00 аралығында)

+7(727)311-14–44