МЫРЫШТЫҢ ПАЙДАСЫ

3 минутыоқу

Көпшілігімізге кальций, магний сияқты минералдар, тіпі мүмкін калий де таныс, бірақ мырыш ше?

Мырыш – бұл микроэлемент, яғни ол ағзаға мүлде аз мөлшерде керек, бірақ ол 300-ден астам ферменттерде тіршілік маңызды биохимиялық реакциялардың жүруі үшін қажет.

Осы кіп-кішкене, бірақ маңызды минерал қандай функцияны орындайды?

Біз мырыш туралы білу қажеттінің бәрі, сіз үшін мырыштың жарамды түрін қалай табу керектігі туралы айтып береміз. Келіңіз, талдайық.

 

МЫРЫШ АҒЗАҒА НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Мырыш ағзаның көптеген функцияларының дұрыс жүруі үшін қажет.

Ол ДНҚ тізбесінің қалыптасуында, жасушалардың өсуінде, ақуыздардың құрылуына және иммун жүйесін қолдауда маңызды роль атқарады. Мырыш жасушалардың өсуі мен көбеюін қамтамасыз етуге қатысатын болғандықтан тез өсу кезеңінде, атап айтқанда балалық, жасөспірімдік шақта және жүктілік кезеңінде мырышты жеткілікті мөлшерде алу маңызды.

 

МЫРЫШ ЖӘНЕ ИММУНИТЕТ

Мырыш иммун жүйесінің көптеген аспектілерінде маңызды роль атқарады. Ол туа біткен иммун жүйесі жасушаларының, оның ішінде ағзаның бөтен заттардан(антигендерден) қорғануына көмектесетін Т-және В-жасушаларының өсуі мен қызметіне қолдау көрсетеді.

Мырыш ағзаның инфекцияларға қарсыластығын арттыруға жол ашатын антиоксидант болып табылады.

 

МЫРЫШ ЖӘНЕ ТЕРІНІҢ САУЛЫҒЫ

Мырыш май бездерінің қызметін реттеуге, майлы жылтыр мен терінің қабынуын жеңуге көмектеседі; шаштың түсуін тоқтатады.

Сонымен қатар мырыш ағзаға жаңа коллаген синтездеу үшін қажет. Коллаген – бұл құрылымды ақуыз, ол сау және жарқыраған терінің негізі болып табылады. Сау тері иммун функциясының күшеюіне жол ашады, себебі тері ағзаны қорғайтын бірінші желі қызметін атқарады.

 

МЫРЫШҚА БАЙ АЗЫҚ-ТҮЛІК

Бір жақсысы рационға мырыш қосу қиындық туғызбайды, өйткені көптеген азық-түлік құрамында мырыш бар. Ет, құс еті және теңіз өнімдері мырыштың ең жақсы көзі болып табылады, бірақ оны сонымен қатар кейбір өсімдік текті азық-түліктен де, мысалы бұршақтардан және тұтас астық өнімдерінен табуға болады. Алайда, бұл азық-түліктердің құрамында кейде осы минералмен байланысқа түсіп, оның сіңімділігін төмендететін фитаттар болады. Рационда мырыш жетіспегенде қоспа қабылдау – қажетті қоректік заттарды алудың қарапайым және тиімді тәсілі.

 

МЫРЫШ ПИКОЛИНАТЫ…МЫРЫШ ХЕЛАТЫ…МЫРЫШ ЦИТРАТЫ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?

 

Бәлкім, сіз мырышы бар дәрумен ішіп көруді шешкен шығарсыз, бірақ дәріханаларда ондай дәрумен нұсқалары тым аз! Расында бұл микроэлементтің көптеген формалары бар, ал оның қайсысы дәл сізге жарайды, ол үнемі түсінікті бола бермейді.

Келіңіздер, мырыш хелаты, мырыш пиколинаты және мырыш цитраты арасындағы айырмашылықты қарап көрейік.

 

 

МЫРЫШ ХЕЛАТЫ

Минералдарды хелаттау минералдың аминқышқылымен қарапайым органикалық қосылысын білдіреді.

Мұндай аминқышқылды хелаттар ерігіштікті арттырады және сіңімділікті оңтайлы етеді, сонымен қатар асқазанға зиянын тигізбейді. Solgar глицин аминқышқылымен байланысты хелатты мырыш ұсынады.

Мырыш хелаты тері саулығына пайдалы әсерін тигізеді, антиоксидант қызметін атқара алады және иммун жүйесінің саулығын сақтайды. Хелатты форма оның оңтайлы сіңімділігін қамтамасыз етеді.

 

МЫРЫШ ПИКОЛИНАТЫ

Мырыш пиколинатын мырыш органикалық қышқыл – пиколин қышқылымен байланысқанда алады.

Пиколин қышқылы ағзада табиғи жолмен түзілетін триптофан аминқышқылының матаболиті болып табылады. Мырыш пиколинаты – бұл мырыштың аса биоқолжетімді формасы. Мырыш пиколинатының құрамында пиколин қышқылы бар 22 мг мырыш болады.

 

ФЛАВО МЫРЫШ

Флаво-мырыш жоғары биоқолжетімділік дәрежесіне ие мырыштың органикалық формасы (цитрат және глюконат) ретінде ұсынылған.

«Флаво-мырыш» өнімі жағымды лимон дәмі бар соруға арналған пастилка түрінде ұсынылады. Мырыштың пастилкадағы бұл формасы ауыз қуысында жергілікті антибактериалдық әсер алуға мүмкіндік береді.

Иммунитетті қолдаудан бастап сау теріге дейін – мырыш ағзаның көптеген функцияларында маңызды роль атқарады. Ұлу, сиыр еті, құс еті, бұршақтар және тұтас астық сияқты азық-түлік өнімдері мырыштың тамаша көзі болып табылады, ал құрамында мырыш бар қоспалардың көмегімен бұл минералдың барлық пайдасын оңай алуға болады.

 

 

Егер Сізде өнім бойынша сұрақтар қалса–Solgar мамандары Сізге қуана кеңес береді (жұмыс күндері 09:00-18:00)

+7(727)311-14–44